ПРЕЗИДЕНТ САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІН ҚАБЫЛДАДЫ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауда және интеграция министрін қабылдады. Арман Шаққалиев сауда саласының қазіргі ахуалы мен даму перспективалары бойынша есеп берді. Министр өткен жылдың қорытындысына сәйкес ел экономикасындағы сауда-саттықтың үлесі ішкі жалпы өнімнің шамамен 19 пайызына жеткенін айтты. Бұл бағытқа 1,2 триллион теңге инвестиция тартылып, жалпы тауар айналымы 8,9 пайызға өсіп, 80,3 триллион теңгені құраған. Сондай-ақ,…
