ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖЫР ДОДАСЫ:ИРАНҒАЙЫП КҮЗЕНБАЕВ БАС ЖҮЛДЕНІ ИЕЛЕНДІ
Киелі Түркістан төрінде Ұлыстың ұлы күні – республикалық ақындар айтысы өтті. Дүбірлі дода белгілі айтыскер ақын, «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбековтің 50 жас мерейтойына арналды. «Айтыстың алтын айдары — Бекарыс» атты бұл шарада елге танымал 14 сөз шебері бақ сынады. Олардың қатарында Мұхтар Ниязов, Жансая Мусина, Еркебұлан Қайназаров сынды айтыс ақтаңгерлері бар. Мерейтой иесіне құрмет…
