ТҮРКІСТАН САММИТІ: ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ РУХАНИ ТҰТАСТЫҒЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БОЛАШАҒЫНА БАСТАЙТЫН ҚАДАМ
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде бауырлас елдердің басшыларын қасиетті Түркістан төрінде қарсы алып, бұл кездесудің тарихи және рухани мәні ерекше екенін атап өтті. Мемлекет басшысы ең алдымен Түркістанның күллі түркі жұрты үшін ортақ құндылық екенін айтты. Оның пікірінше, Түркістан – атажұрттың мызғымас темірқазығы, екі дүние есігі, ер түріктің…
