ТҮРКІСТАН: МАҚТАДАН КИІМ ТІГУГЕ ДЕЙІНГІ ТОЛЫҚ ЦИКЛДІ ӨНДІРІС ДАМУДА
Түркістан облысында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары кезең-кезеңімен әрі жүйелі түрде жалғасуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров өңірде қолға алынған «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» жобасының инвесторларымен кездесіп, жобаның іске асу қарқынын, өндірістік көрсеткіштерін және алдағы даму бағыттарын жан-жақты талқылады. Кездесу барысында негізгі басымдықтар, өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары қарастырылды. Аталған жоба – облыс экономикасы…
