ТОҢАЗЫТҚЫШ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ҚУАТЫ ЕСЕЛЕНІП, ЭКСПОРТ КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙЕДІ
Түркістан облысында өнеркәсіптік әлеуетті күшейту бағытындағы жүйелі жұмыстар өз нәтижесін бере бастады. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров «UBC Group» халықаралық компаниясының құрылтайшысы Игорь Бурдыленкомен кездесіп, аймақта жүзеге асырылып жатқан инвестициялық бастамалардың қазіргі ахуалы мен оларды одан әрі ілгерілету тетіктерін жан-жақты саралады. Кездесу барысында өндірісті әртараптандыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және экспортқа бағдарланған жобаларды қолдау мәселелері негізгі…
