МЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ ЖАРЫСАДЫ
Түркістан қаласында Мемлекеттік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылған облыстық спартакиада өз бастауын алды. Дәстүрлі түрде өткізілетін ауқымды спорттық іс-шараға облыстың қала және аудандарынан, сондай-ақ өңірлік басқармалар мен департаменттерден келген 1000-ға жуық мемлекеттік қызметші қатысуда. Аталған жарыс мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың дене белсенділігін арттыруға, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға және әріптестер арасындағы өзара ынтымақтастықты…
