СУ ТАПШЫЛЫҒЫН БОЛДЫРМАУҒА АРНАЛҒАН ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның Дүниежүзілік метеорология ұйымы президенті, сондай-ақ БАӘ Ұлттық метеорология орталығы бас директоры Абдулла Әл-Мандусты қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Дүниежүзілік метеорология ұйымының климаттың өзгеруі, ауа райын болжау, су ресурстарын тиімді басқару және табиғи апаттардың қаупін азайту бағытындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Президент қазіргі кезеңде климаттық өзгерістердің салдары…

Толық оқу

Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынас нығайып жатыр

Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия Республикасы Президенті Режеп Тайип Ердоған арасында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтіп, екіжақты ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашатын тарихи шешімдер қабылданды. Мемлекеттік сапар аясында қос ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесулер өткізіп, Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысына қатысты, бизнес форум жұмысына қолдау білдірді…

Толық оқу

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫНА НЕГІЗ ҚАЛАЙДЫ

Мемлекет басшысының су ресурстарын тиімді пайдалану және суармалы алқаптарға су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Сайрам ауданында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Су – ауыл шаруашылығының негізгі тірегі ғана емес, стратегиялық маңызы бар табиғи ресурс. Климаттың өзгеруі, жауын-шашын көлемінің азаюы және халық санының артуы әлем елдерін суды ұқыпты пайдалану саясатын күшейтуге мәжбүр етуде. Бүгінде…

Толық оқу

АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ ҮШІН ШЕГІРТКЕМЕН КҮРЕСІП ЖАТЫР

Түркістан облысында аса қауіпті ауыл шаруашылығы зиянкестерінің бірі – Марокко шегірткесіне (Dociostaurus maroccanus) қарсы күрес жұмыстары белгіленген талаптарға сәйкес жүйелі түрде жалғасуда. Қазақстан аумағында шегіртке тектес зиянкестердің 270-тен астам түрі кездеседі. Соның ішінде Марокко шегірткесі үйірлі түрде таралып, егістік пен жайылымға орасан зор қауіп төндіреді. Бұл зиянкес бір шаршы метр аумақта 200-300 дараққа дейін шоғырланып,…

Толық оқу

АРЫСТА ЖАСЫРЫН ЗЕРТХАНА ЖОЙЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында есірткі өндіру мен таратудың жолын кесу бағытындағы кешенді жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда. Осы бағытта жүргізілген жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралардың нәтижесінде Түркістан облысының Арыс қаласында синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан жасырын зертхана анықталып, оның қызметі толық тоқтатылды.   Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері мамыр айының басында өткізген арнайы…

Толық оқу

МӘДЕНИ-ТУРИСТІК ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров италиялық Magister Art⁠ компаниясының президенті Ренато Сапоритомен ресми кездесу өткізіп, мәдениет, туризм, креативті индустрия, цифрлық технологиялар және халықаралық ынтымақтастық салаларындағы өзара әріптестікті дамыту мәселелерін жан-жақты талқылады. Кездесу Түркістан облысының тарихи-мәдени әлеуетін халықаралық деңгейде танытуға, өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға және жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды. Кездесу…

Толық оқу

АРДАГЕРЛЕРГЕ СЫЙАҚЫ БЕРУДЕН ҚАЗАҚСТАН ОЗДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Ахмаджан Анартаев ақсақалдың шаңырағына арнайы барып, Жеңістің 81 жылдығымен құттықтады. Өңір басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын табыстап, арнайы сый-сияпат көрсетті. Кездесу барысында облыс әкімі ғасыр жасаған ардагердің Отан алдындағы ерлігі мен ел игілігі жолындағы ұзақ жылғы еңбегіне…

Толық оқу

ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫ САЛТАНАТТЫ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Жеңіс» саябағында орналасқан «Даңқ» мемориалдық кешенінде Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Тағылымы терең, тарихи маңызы зор мерекелік жиынға Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, зиялы қауым өкілдері, әскери қызметшілер, жастар ұйымдарының мүшелері, қоғамдық бірлестіктер және қала тұрғындары қатысты. Салтанатты рәсім барысында Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында ерлікпен қаза…

Толық оқу

СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ 5 МЛН ТЕҢГЕ СЫЙАҚЫ БЕРІЛДІ

1418 күн мен түнге созылған, адамзат тарихындағы ең қасіретті кезеңдердің бірі – Екінші дүниежүзілік соғыс миллиондаған адамның тағдырын өзгертіп, сан мыңдаған отбасына орны толмас қайғы әкелді. Бұл сұрапыл соғыс адамзатқа бейбітшіліктің қадірін ұғындырып, Отанды қорғаудың қасиетті парыз екенін дәлелдеді. Майдан даласында кеудесін оққа тосып, ел мен жердің азаттығы үшін жанын аямаған ардагерлердің ерлігі халық жадында…

Толық оқу

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДАМУЫНА БҰҰ ОҢ БАҒАСЫН БЕРДІ

Түркістан облысы соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны бойынша еліміздегі серпінді дамып келе жатқан өңірлердің біріне айналды. Халық санының тұрақты артуы, өндіріс көлемінің ұлғаюы, жаңа инфрақұрылымдық нысандардың бой көтеруі, инвестициялық жобалардың жүзеге асуы және кәсіпкерліктің қарқынды дамуы өңірдің әлеуетінің жоғары екенін айқын көрсетеді. Облыста жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар Біріккен Ұлттар Ұйымы айқындаған Тұрақты даму мақсаттарымен үндесіп,…

Толық оқу