ҮШ АУДАНДА РӘМІЗДЕР АЛАҢЫ АШЫЛҒАН
Түркістан қаласында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Мемлекеттік Туды көтеру салтанаты ұйымдастырылды. Маңызды мерекелік іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, қоғам қайраткерлері, спортшылар, жастар және қала тұрғындары қатысты. Салтанатты рәсім барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көкке көтеріліп, қатысушылар Мемлекеттік Әнұранды бірге орындады….
