ҚҰРЫЛЫС ИНДУСТРИЯСЫН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қытайдың «Jiangxi Zhixin Real Estate Development Co., Ltd» компаниясының бас директоры Мао Тиньмен және «Хуатун» халықаралық инвестициялық-өнеркәсіптік тобының халықаралық бизнес пен шетелдік өнеркәсіптік инвестициялар жөніндегі басшысы Пэн Бохэнмен кездесу өткізді. Кездесу барысында өңір басшысы Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың мүмкіндіктері, тиімді логистикалық орналасуы және инвесторларға ұсынылатын…
