МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІ ҚАБЫЛДАДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдап, еліміздің 2026 жылғы қаңтар–маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есепті тыңдады. Сондай-ақ экономиканы одан әрі әртараптандыру бағытында жүзеге асырылатын жоспарлармен танысты. Премьер-министрдің мәліметінше, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнім көлемі 4,1 пайызға өскен. Экономиканың негізгі салаларында да оң динамика қалыптасқан. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі 9,8 пайызға,…
