ҚЫТАЙ БИЗНЕСМЕНДЕРІМЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨҢІРЛЕРІНДЕ ӨНДІРІС АШУ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мемлекет басшысы Қытайдың жетекші технологиялық және инфрақұрылымдық компанияларының басшыларымен стратегиялық әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылады. Кездесулерде әлемдік жоғары технологиялар, энергетика, көлік-логистика және өнеркәсіп салаларындағы жетекші қытайлық компаниялардың басшыларымен бірқатар келіссөздер жүргізілді. Президент келіссөздер барысында Қазақстанның цифрлық экономика құру, жасанды интеллектіні дамыту, жоғары технологиялық өндірістерді қалыптастыру, көлік-логистикалық әлеуетті күшейту және өңдеу өнеркәсібін дамыту бағытындағы басымдықтарына ерекше тоқталды….

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫТАЙДЫҢ ЖЕТЕКШІ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жетекші жоғары технологиялық компанияларының басшыларымен «дөңгелек үстел» форматында кездесу өткізді. Президент Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағытта сапалық жаңа деңгейге көтерілгенін айтты.   Қасым-Жомарт Тоқаев:  « — Екіжақты байланыстарымыз бұрын-соңды болмаған…

Толық оқу

МИНИСТР  ЖЫЛЫНА 30 МЫҢ ТОННА ЕТ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТЫҢ ӨНДІРІСІМЕН ТАНЫСТЫ

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, облыс әкімі Нұралхан Көшеровпен бірге Сайрам ауданындағы бірқатар өндірістік нысандардың қызметімен танысты. Сапар аясында Манкент елді мекенінде орналасқан «KAZ ECO MEAT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ет комбинатына барып, өндірістік үдерістің жай-күйін және кәсіпорын жұмысының сапасын зерделеді. Министр жауапты сала мамандарына жоба аясындағы жұмыстарды сапалы ұйымдастыруды, сондай-ақ…

Толық оқу

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫМЕН БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАРДЫҢ АЯСЫ КЕҢЕЙЕДІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Ләззат Чинкисбаевамен кездесті. Басқосуда өңірде іске асырылып жатқан әлеуметтік жобалардың нәтижелері қорытындыланып, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларындағы ынтымақтастықтың алдағы бағыттары талқыланды. Облыс басшысы қор тарапынан Түркістан өңіріне көрсетіліп отырған тұрақты қолдау үшін ризашылығын білдіріп, өзара әріптестіктің басты мақсаты өңірдің адами капиталын…

Толық оқу

ТҮРКІСТАНДА ЛАМИНАТ ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

Түркістандағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында «Qaz Natural Laminat» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заманауи ламинат шығаратын зауыты пайдалануға берілді. Салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономиканы әртараптандыру, өңдеу өнеркәсібін дамыту және импортты алмастыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында өңірде бірқатар маңызды жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Нұралхан…

Толық оқу

ДОТАЦИЯЛЫҚ АЙМАҚТАР ҚАТАРЫНАН ШЫҒУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен кезекті Инвестициялық штабтың отырысы өтті. Басқосуда өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың орындалу барысы сараланып, 2026 жылы іске асырылатын бастамалар мен шетелдік инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар талқыланды. Облыс басшысы жобаларды іске асыру мерзімін кешеуілдеткен аудан, қала әкімдерінің жұмысын сынға алып, бұл бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды. Нұралхан Көшеров:  –…

Толық оқу

БИЫЛ 50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ТӘУЛІК БОЙЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өңірдегі елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту және су инфрақұрылымын жаңғырту мәселелеріне арналған кеңес өтті. Басқосуда ауыз су жүйелерінің бүгінгі жай-күйі, жүзеге асырылып жатқан жобалардың орындалу деңгейі, өзекті мәселелер мен оларды шешу тетіктері жан-жақты талқыланды. Кеңеске облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Оңтүстікауызсу» филиалы,…

Толық оқу

БЫЛТЫРҒЫ САЛЫҚТЫҢ СҰРАУЫ БИЫЛ ТУЫНДАДЫ: АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТА БІРҚАТАР ОЛҚЫЛЫҚТЫҢ АҚИҚАТЫН АШТЫ

2025 жылы республикалық бюджетке 730 млрд теңге көлемінде салық түспеген – Жоғары аудиторлық палата 2025 жылғы салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит республикалық бюджетке түсуі тиіс салықтық түсімдердің жоспары толық орындалмағанын көрсетті. ҚР Жоғары аудиторлық палатасының мәліметінше, бюджетке 730 млрд теңге немесе жоспарланған түсімнің 4,8%-ы түспеген. Бұған негізгі себептердің бірі – салық түсімдерінің…

Толық оқу

«ДАРБАЗА – МАҚТААРАЛ» ТЕМІРЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БИЫЛ БІТЕДІ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2026 жылғы қаңтар–маусым айларындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің орындалу барысы қаралды. Жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бейнебайланыс арқылы қатысты. Отырыста Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері мен өңір әкімдері…

Толық оқу

ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ СӘУЛЕТІ САЙ БОЛУЫ ТИІС

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен сәулеттік жобалар жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында өңірде жүзеге асырылуы көзделген бірқатар инвестициялық және әлеуметтік нысандардың сәулеттік тұжырымдамалары қаралып, олардың қала құрылысы талаптарына сәйкестігі, инженерлік шешімдері және өңірдің даму жоспарларымен үйлесімділігі жан-жақты сараланды. Кеңес барысында инвесторлар өз жобаларын таныстырып, олардың өңір экономикасын әртараптандыруға, туризм саласының әлеуетін арттыруға, жаңа…

Толық оқу