ТАЗАЛЫҚ САҚТАУ ЕСКЕРТІЛДІ
Жетісай ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында аудан әкімі Серік Мамытовтың тапсырмасына сәйкес арнайы мобильді топ жасақталып, аудан көлемінде тазалықты сақтау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы бақылау іс-шаралары қарқын алды. Мобильді топтың қатысуымен саябақтарда, скверлерде, өзен-көл жағалауларында, демалыс орындарында және тұрғындар жиі жиналатын қоғамдық аумақтарда рейдтік тексерулер ұйымдастырылды….
