МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ БАЯНДАЛДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады. Кездесу барысында Президентке мәдениет, ақпарат және әлеуметтік саясат салаларында жаңа Конституция ережелерін іске асыру барысы, сондай-ақ азаматтардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары жөнінде баяндалды. Аида Балаева заңнаманы жаңа Конституция талаптарына сәйкестендіру, мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру, цифрлық кеңістікті дамыту,…
