ТҮРКІСТАН ТУРИСТІК ҚАЛАҒА САЙ АБАТТАНДЫРЫЛЫП ЖАТЫР
Түркістан қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Бұл бастамалар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп қана қоймай, қаланың заманауи келбетін қалыптастыруда маңызды рөл атқаруда. Соңғы жылдары Түркістан ауқымды жаңғырту кезеңін бастан өткеріп, еліміздің басты…
