ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫТАЙДЫҢ ЖЕТЕКШІ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жетекші жоғары технологиялық компанияларының басшыларымен «дөңгелек үстел» форматында кездесу өткізді. Президент Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағытта сапалық жаңа деңгейге көтерілгенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев: « — Екіжақты байланыстарымыз бұрын-соңды болмаған…
