ШЕГІРТКЕ ОШАҒЫН КӨРСЕҢІЗ, ЖЕДЕЛ ХАБАР БЕРІҢІЗ
Түркістан облысында үйірлі шегірткеге қарсы химиялық өңдеу шаралары күшейтілген режимде жүргізілуде. Осы бағыттағы жұмыстардың барысы облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтың төрағалығымен өткен штаб отырысында қаралып, өңірдегі фитосанитариялық жағдай сараланды. Болжам орталығының деректеріне сәйкес, бүгінгі күнге дейін 53,3 мың гектар жер зерттелген. Зерттеу нәтижесінде Келес ауданында – 7442 гектар, Арыс қаласы аумағында – 1942 гектар, Сарыағаш…
