ҚОҒАМДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ЕГЕМЕНДІКТІҢ КЕПІЛІ

Түркістан облысында қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты бақылауда ұстау мақсатында кезекті штаб отырысы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жетекшілік етіп, оған облыстық прокуратура, құқық қорғау органдары және жауапты басқарма басшылары қатысты. Аудан және қала әкімдері селекторлық байланыс арқылы қосылды. Кездесу барысында өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайдың қазіргі жай-күйі жан-жақты сараланып, ықтимал тәуекелдердің алдын алу мәселелері қаралды. Әсіресе…

Толық оқу

КӨМІРДЕН ГАЗҒА КӨШУ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысында жылыжай шаруашылығының қарқынды дамуына байланысты экологиялық талаптарды сақтау мәселесі өзекті бағыттардың біріне айналды. Әсіресе қыс мезгілінде жылыжайларды көмірмен жылыту тәжірибесі ауа сапасына кері әсерін тигізіп, зиянды шығарындылардың артуына себеп болуда. Осыған байланысты өңірде жылыжайларды экологиялық тұрғыдан тиімді отын түрлеріне көшіру жұмыстары кезең-кезеңімен қолға алынуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданында жылыжай иелерімен өткен…

Толық оқу

СОЗАҚТА ЖАСЫЛ СЕРПІЛІС

Созақ ауданына қарасты Шолаққорған ауылдық округінің Балдысу елді мекенінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында көгалдандыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асуда. Атап айтқанда, күре жол бойында «Жасыл белдеу» қалыптастыру бастамасы қарқын алып, жергілікті тұрғындардың белсенді қатысуымен іске асырылуда. Жоба аясында жолдың бір қапталына қылқан жапырақты ағаштар, екінші бетіне жапырақты тал көшеттері отырғызылды. Алдағы кезеңде аумақты…

Толық оқу

ЭКОПАРК ЖОБАСЫ АУАНЫҢ ЕКІНШІ ТЫНЫСЫН АШАДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ірі қалалар мен облыс орталықтарының айналасында экологиялық аймақтар қалыптастыруды тапсырған. Осы бастама аясында Түркістан облысында экопарк құру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Аймақ әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласы маңында жоспарланған экопарк аумағына арнайы барып, тиісті сала мамандарымен бірге жобаның жүзеге асу барысын талқылады. Жобаға сәйкес, биыл Түркістан қаласында көлемі 50 гектар болатын…

Толық оқу

 «TURǴYNDAR AMANATY» ЖОБАСЫ: ҮЙ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕ НЕ ӨЗГЕРДІ?

Елімізде тұрғын үй қорын басқару жүйесін кешенді түрде жаңғырту – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Бұл мәселе Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында да кеңінен қамтылған. Осыған сәйкес, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын реформалауға бағытталған нақты шаралар қабылданып, басқарудың жаңа үлгісі енгізілді. ▪️2025 жылғы 15…

Толық оқу

СЫРТЫ БҮТІН, ІШІ ТҮТІН БОЛМАСЫН

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында еліміздің барлық өңірлерінде тазалық шаралары қарқын алды. Осы бағытта Түркістан облысында да сенбіліктер мен санитарлық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Түркістан қаласындағы орталық базарлардың жай-күйін аралап, қауіпсіздік және тазалық талаптарының орындалуын тексерді. Тексеру барысында сауда нысандарындағы санитарлық…

Толық оқу

ИНВЕСТИЦИЯҒА ЖАҢА СЕРПІН: ТҮРКІСТАНДА КӘСІПКЕРЛІККЕ ҚОЛДАУ КҮШЕЙЕДІ

Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамыту және инвестиция тарту бағытында маңызды қадам жасалды. «TÚRKISTAN» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, Арнайы экономикалық аймақ және Индустриялық аймақ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған келісім тараптардың бірлескен жұмысын жүйелеп, бизнес бастамаларды қолдау мен инвестициялық жобаларды іске асыруға нақты бағыт береді. Құжатқа сәйкес, өңірге келетін кәсіпкерлер мен инвесторларға жан-жақты қолдау…

Толық оқу

ТҮРКІСТАН ТӘЖІРИБЕСІ ЕЛГЕ ЕНГІЗІЛМЕК

Қазақстанда өңірлік өндірісті дамытуға бағытталған тың бастамалардың бірі – Түркістан облысындағы шағын өндірістік парктер тәжірибесі өз тиімділігін көрсетіп, енді оны өзге облыстарда да енгізу көзделуде. Бұл бағыттағы жұмыстар ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың тапсырмасына сәйкес қолға алынған. Аталған мәселені жан-жақты талқылау үшін Қаржы, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің өкілдері мен еліміздің барлық өңірлерінен келген 40-қа жуық…

Толық оқу

ЖӘРДЕМАҚЫ — ҚОСЫМША ҚОЛДАУ ҒАНА

Түркістан облысында әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтардың санын азайту және оларды тұрақты табыс көзіне бағыттау мақсатында жүйелі жұмыстар күшейтілуде. Бұл бағытта цифрлық отбасы картасындағы «D» және «E» санаттарына енген тұрғындарға ерекше басымдық беріліп отыр. Аталған санаттарға табысы төмен, жұмыссыз немесе әлеуметтік жағдайы аса қиын отбасылар кіреді. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтың төрағалығымен өткен арнайы мәжілісте осы…

Толық оқу

150 ЖЕР ТЕЛІМІ РӘСІМДЕЛУДЕ

Түркістан облысында жалпы аумағы 1 961,3 гектарды құрайтын 21 индустриялық аймақ жұмыс істеп тұр. Қазір іске асып жатқан жалпы құны 132,3 млрд теңгені құрайтын 98 инвестициялық жоба аясында 6 001 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Бүгінгі таңда 59,8 млрд теңгенің 55 жобасы іске қосылып, 3 454 адам тұрақты жұмысқа тартылды. Ал қалған 72,6 млрд теңгеге…

Толық оқу