КӨКТЕМГІ СЕНБІЛІК БАСТАЛДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына Түркістан облысының басшылығы қолдау білдіріп, көктемгі сенбілік өткізді. Экологиялық мәдениетті арттыру, жасыл белдеу аясын кеңейту үшін ағаш отырғызылды. Жас ұрпақ экологиялық жауапкершіліктің негізгі бастамашысы саналады. Сол себепті өңірде өтіп жатқан акцияға жергілікті тұрғындар, мектеп оқушылары, жастар да жұмылдырылуда. Бүгінгі науқанға облыс әкімі бастаған топ белсене…
