ШИРАТЫЛМАЙ ШАРУА ШАРЫҚТАМАЙДЫ
Түркістан облысында инвестиция тарту және қолайлы инвестициялық орта қалыптастыру бойынша инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында биыл іске қосылатын инвестициялық бастамалар мен былтыр шетелдік инвесторлармен жүргізілген келіссөздердің нәтижелері қаралды. Қазығұрт және Түлкібас аудандары әкімдерінің есептері тыңдалды. Аймақ басшысы Нұралхан Көшеров жауапты тұлғаларға инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда кедергі келтірмеуді, мәселені нақты шешуді тапсырды. Әр жоба бойынша…
