50 БҮЛДІРШІННІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
Ордабасы ауданында бір мезетте 50 бүлдіршіннің тұсауы кесілді. Ұлттық үрдіс Наурызнама онкүндігі шеңберінде ұйымдастырылды. Аудан әкімі Азат Оралбаев бастаған лауазымды тұлғалар мен зиялы қауым өкілдері салт-дәстүрге сай бүлдіршіндердің тұсауын кесіп, ақ батасын берді. Тұсаукесер – баланың өмір жолы ашық, қадамы берік, болашағы жарқын болсын деген ізгі ниеттен туған ырым. Қаз-қаз тұрған сәбидің тәй-тәй басқан шағында…
