ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА 4 МЫҢ АДАМ ҚАТЫСТЫ
Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «World Cleanup Day» – Дүниежүзілік тазалық күніне орай ауқымды экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Негізгі тазалық жұмыстары Қаратау жотасының етегінде орналасқан Ащысай елді мекенінде өткізілді. Оған 4 мыңнан астам адам қатысып, 70 арнайы техника жұмылдырылды. Сонымен қатар қоршаған ортаны абаттандыру және…
