«ТҮРКІСТАН САҚШЫЛАРЫ» — ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ЖАҢА ҮНІ
Түркістан қаласында балалар мен жасөспірімдерге арналған «Түркістан сақшылары» атты ұлттық анимациялық жобаның тұсаукесері өтті. Жаңа туынды өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және заманауи цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға бағытталған. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, облыс прокурорының орынбасары Даулет Тлемисов, сондай-ақ жоба авторлары мен шығармашылық топ өкілдері қатысты. Қатысушылар анимациялық…
