АРНАЙЫ КИІМДЕР НАРЫҚҚА ШЫҒЫП ЖАТЫР

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Созақ ауданына жұмыс сапары барысында Шолаққорған ауылындағы «Sozaq Group» ЖШС-нің өндірістік цехына барып, кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен және өндірістік мүмкіндіктерімен танысты. Мұнда арнайы киімдер, тұрмыстық қолғаптар, шұлық, жұмысқа арналған аяқ киімдер және арнайы жамылғылар шығарылады. Өндіріс орны 2026 жылы құрылып, жобаға 250 млн теңге инвестиция тартылған. Сонымен қатар «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында…

Толық оқу

ІРІ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЕТ ӨНДІРУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Сауран ауданында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған ірі инвестициялық жобалардың бірі – елімізде теңдесі жоқ мал бордақылау және ет өндіру кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сауран ауданының Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан «Түркістан ет өнімдері» ЖШС жүзеге асырып жатқан мал бордақылау кешеніне арнайы барып, инвестициялық жобаның іске асырылу барысымен танысты. Жоба бастамашылары…

Толық оқу

ЖЕКЕМЕНШІК ҮЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті дамыту, құрылыс, инфрақұрылым, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелеріне жауапты тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысының күн тәртібіне бірқатар маңызды мәселелер енгізілді. Атап айтқанда, 2025 жылғы 15 желтоқсанда қабылданған №20/268-VIII «2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамына қатысты түзетулерді келісу, сондай-ақ 2017 жылғы 24…

Толық оқу

ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРДІ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті  «Шардара-Сервис» МКК-ның жұмысына жоспардан тыс тексеру жүргізді. Бұған 3 тұтынушының өтініші себеп болған. Тексеру барысында кәсіпорынның «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын бұзу фактілері анықталған. Олар тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қол жетімділікті ұсынбаған, сөйтіп тиісті заңнаманы бұзған. Тексеру…

Толық оқу

ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ МАЖАРСТАНДА МӘЖІЛІС ҚҰРДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Будапештте өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты. Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен келіссөз жүргізіп, ілтипат білдірді. Мажарстанға сапар нақты уағдаластықтарға қол жеткізіп, Астана мен Будапешт арасындағы өзара түсіністікті нығайту тұрғысынан нәтижелі болды. Президент екіжақты байланыстың басым бағыты ретінде сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты атады. Былтыр өзара сауда-саттықтың көлемі 200 миллион долларға жетті, осы…

Толық оқу

БИЫЛ 50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН ТӘУЛІК БОЙЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өңірдегі елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту және су инфрақұрылымын жаңғырту мәселелеріне арналған кеңес өтті. Басқосуда ауыз су жүйелерінің бүгінгі жай-күйі, жүзеге асырылып жатқан жобалардың орындалу деңгейі, өзекті мәселелер мен оларды шешу тетіктері жан-жақты талқыланды. Кеңеске облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Оңтүстікауызсу» филиалы,…

Толық оқу

АЛТЫН ОРДА ТАРИХЫ — ҰЛТ ТАРИХЫНЫҢ АЖЫРАМАС ДӘУІРІ

Астанада өткен Алтын Орда тарихына арналған халықаралық симпозиумда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мазмұны мен тарихи ауқымы жағынан айрықша мәнге ие бағдарламалық баяндама жасап, Алтын Орданың әлемдік өркениет тарихындағы орнын жан-жақты ашып көрсетті. Мемлекет басшысы өз сөзін: «Алтын Орда – Еуразияның ұлан-ғайыр аумағын еркін жайлап, Ұлы дала төсінде билік құрған қуатты империя болғанына ешқандай тарихшы…

Толық оқу

ТАЛАП-ТІЛЕКТЕР ОҢ ШЕШІМІН ТАБАДЫ

Түркістан облысында тұрғындардың талап-тілегін тыңдау, әлеуметтік және құқықтық сипаттағы түйткілдерді дер кезінде шешу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Осы ретте Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек өңір тұрғындарын жеке қабылдап, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдады. Қабылдау барысында халық тарапынан жер телімдерін заңдастыру, жердің нысаналы мақсатын өзгерту, инфрақұрылым мәселелері, құжаттандыруға қатысты түйткілдер және өзге…

Толық оқу

ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ КОНТРАБАНДАНЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету бағытында сәуір айында құзырлы мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткізді. Есепті кезеңде шекара кеңістігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған 4 113 тұлға ұсталды, оның ішінде 3 545-і шетел азаматтары. Сонымен қатар мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен…

Толық оқу

ЕҢБЕК АДАМДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Шымкенттің дамуына елеулі үлес қосқан еңбеккерлерге құрмет көрсетілді. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.   Жыл бойы жүзеге асырылған жобалар жұмысшы мамандардың мәртебесін арттыруға және олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін дәріптеуге бағытталды. Ғабит Сыздықбеков атап өткендей, бұл бағыт Президенттің «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» қағидатына…

Толық оқу