ҚОҒАММЕН ТИІМДІ КОММУНИКАЦИЯ ОРНАТЫЛМАҚ

Түркістан қаласында мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді жүзеге асыру және қоғаммен байланысты нығайту мәселелеріне арналған өңірлік штаб отырысы өтті. Мәжіліске Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев төрағалық етті. Басқосу барысында өңірдегі ақпараттық саясаттың орындалу барысы, мемлекеттік мекемелердің медиа кеңістіктегі белсенділігі және халықпен өзара байланысты күшейту бағытында атқарылған жұмыстар жан-жақты сараланды. Штаб отырысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша…

Толық оқу

ҚЫРЫҚ ЖЫЛ КҮТКЕН МӘСЕЛЕ: ТІРШІЛІК НӘРІ ЖЕТЕТІН БОЛДЫ

Шардара ауданының халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды инфрақұрылымдық жоба жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Ұзақ жылдар бойы қордаланған бұл мәселенің шешім табуы – тұрғындар үшін маңызды жаңалық. Осы бағыттағы жұмыстардың барысымен танысу мақсатында аудан әкімі Арман Қарсыбаев құрылыс алаңында болып, Шардара қаласы аумағындағы «Шардара су электр станциясы» маңында жүргізіліп жатқан инженерлік инфрақұрылым…

Толық оқу

ШӨЛЕЙТКЕ ТӨЗІМДІ ТАЛДАР ЕГІЛДІ

Шардара ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында бұрын-соңды болмаған ауқымды сенбілік жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл бастама қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру бағытында маңызды қадам болды. Аталған шараға мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, даңқты спортшылар, сондай-ақ ауданға қарасты «Қазтелеком», «Қазпошта», аурухана, ГЭС, СЭС, РЭС, ПЭС, «ҚазТрансГаз», «Халық банк» ұжымдары және…

Толық оқу

АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ

Шымкентте «MRO SCAT» авиациялық-техникалық орталығының құрылысы басталды. Жаңа кешен әуе кемелеріне заманауи техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын жүргізетін елдегі бірегей нысан болмақ. ​Бұл маңызды жоба Мемлекет басшысының өткен аптадағы АҚШ-қа сапары аясында «Boeing» корпорациясымен жүргізген келіссөздерінің нәтижесінде жүзеге асып отыр. Бүгін Шымкентте орталықтың іргетасын қалау рәсімі өтіп, құрылысқа капсула салынды. ​Жобаның басты артықшылықтары: ​Техникалық…

Толық оқу

ӨЗЕН-КӨЛДЕРДІ ЛАСТАМАЙ, БҰЛАҚТАРДЫҢ КӨЗІН АШУ ТАБИҒАТҚА ДЕГЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

Қазығұрт ауданында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Мөлдір бұлақ» атты кең ауқымды экологиялық акция ұйымдастырылды. Іс-шара барысында аудан аумағындағы өзен жағалаулары мен табиғи нысандарда тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Акция аясында Қазығұрт елді мекеніндегі Келес өзенінің жағалауы мен Алтынтөбе ауылдық округіне қарасты табиғаты көркем Аққұм сарқырамасының аумағы тұрмыстық қалдықтардан…

Толық оқу

БРИКС плюс: ҚАЗАҚСТАН ҮШІН БАСТАМАДАН НАҚТЫ НӘТИЖЕГЕ ДЕЙІН

Нью-Делиде өткен «БРИКС плюс» саммитінің Қазақстан үшін негізгі маңызы – елдің халықаралық күн тәртібіндегі ұстанымын білдірумен ғана шектелмейді. Саммит Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарын нақты экономикалық және институционалдық міндеттермен байланыстыруға мүмкіндік берді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген бастамалардың басым бөлігі сауда, инвестиция, көлік, технология, су ресурстары және халықаралық қауіпсіздік салаларындағы нақты нәтижелерге бағытталған. БРИКС-тің Қазақстан үшін…

Толық оқу

КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кентау қаласында Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің көшпелі отырысы өтіп, Кентау қаласы мен Сауран ауданы кәсіпкерлерінің өзекті мәселелері талқыланды. Облыстық мәслихат Төрағасы Нұралы Әбішов кәсіпкерлерді қабылдады. Отырыс барысында облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек өңірдегі кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, мемлекеттік қолдау шаралары мен алдағы міндеттерге тоқталды. Кездесу аясында Кентау…

Толық оқу

АЛМАТЫДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛЫП КЕТТІ

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Оңтүстік-Шығыс аудандық қазандыққа барып, жұмыс барысымен танысты. Сапар барысында қаладағы алдағы жылыту маусымына тыңғылықты дайындық жүргізу және жылу нысандарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС-нің балансында бүгінде 89 қазандық бар. Қазіргі таңда аталған нысандардың бірқатарында алдын алу және жөндеу жұмыстары атқарылуда. Жоспарға сәйкес, профилактикалық жөндеу шараларын 1 қыркүйекке…

Толық оқу

БАҺАДҮР БАБАЛАРДЫҢ ІЗБАСАРЛАРЫНА БАЛАДЫ

Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерекеге орай өткен салтанатты жиналыста күштік құрылым қызметкерлерін Отан қорғаушы күнімен құттықтады. Президент оларды баһадүр бабаларымыздың лайықты ізбасарларына балап, айбынын асқақтатты. Биыл Ұлы Жеңіске 80 жыл толды. Ұрпақтың тыныштықта өтуін қалап, майдан даласында соғысқан батырлардың ерлігі естен кетпейді.   Қасым-Жомарт Тоқаев:  – Қазақ –…

Толық оқу

ЕТ КОМБИНАТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Биыл елімізде ет бағасы сыртқы нарықта сұраныс артып кеткендіктен қымбаттады. Президент ішкі мұқтаждықты қамтамасыз ету үшін азық-түлік өндірісін күшейтуді тапсырған. Сайрам ауданында мал сату және бордақылаумен айналысатындар баршылық. Ақсукент ауылында «KAZ ECO MEAT» ЖШС ет комбинатын іске қосты. Жаңа кәсіпорынның ашылуына облысы әкімі арнайы қатысты. Жоба құны 8 500 млн. теңге. Жылына 5000 бас ірі…

Толық оқу