«ХАНТАУ» ДЕМАЛЫС АЙМАҒЫ САЛЫНУДА

Түркістан облысында туризм саласын жүйелі түрде дамыту және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында ауқымды әрі заманауи жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Кентау қаласына қарасты Хантағы ауылындағы табиғаты көркем тау бөктерінде бірегей форматтағы капсулалық демалыс аймағының құрылысы жүргізілуде. Бұл бастама өңірдің туристік инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды жобалардың бірі болып табылады. Қазіргі таңда «Хантау» демалыс…

Толық оқу

ӘСКЕРДЕГІ ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП

Бас Прокурор Берік Асылов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау – барлық деңгейдегі қолбасшылық жұмысының басым бағыты болуы тиіс деген ұстанымына қолдау білдірді.   Әскери қызмет қауіпсіздік, абырой, тәртіп пен әділет қағидаттарына негізделуі қажет.   Осы қағидаларды басшылыққа ала отырып, Мемлекет басшысы Бас әскери прокуратураға Қарулы Күштермен, басқа да әскерлер мен әскери…

Толық оқу

ШЫМКЕНТТЕ ШЕНЕУНІК СОТТАЛДЫ

Шымкентте сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған құқық қорғау органының қызметкеріне сот үкімі шықты.  Соңғы уақытта мегаполисте лауазымды тұлғалардың ұсталуы мен оларға қатысты шығарылған сот үкімдері туралы ақпараттар жиілеп кетті. Осы ретте, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының нәтижесінде кезекті лауазымды тұлға заң алдында жауапқа тартылды. Атап айтқанда Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Шымкент қаласы бойынша…

Толық оқу

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА 4 МЫҢ АДАМ ҚАТЫСТЫ

Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «World Cleanup Day» – Дүниежүзілік тазалық күніне орай ауқымды экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Негізгі тазалық жұмыстары Қаратау жотасының етегінде орналасқан Ащысай елді мекенінде өткізілді. Оған 4 мыңнан астам адам қатысып, 70 арнайы техника жұмылдырылды. Сонымен қатар қоршаған ортаны абаттандыру және…

Толық оқу

ШИРАТЫЛМАЙ ШАРУА ШАРЫҚТАМАЙДЫ

Түркістан облысында инвестиция тарту және қолайлы инвестициялық орта қалыптастыру бойынша инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында  биыл іске қосылатын инвестициялық бастамалар мен былтыр шетелдік инвесторлармен жүргізілген келіссөздердің нәтижелері қаралды. Қазығұрт және Түлкібас аудандары әкімдерінің есептері тыңдалды. Аймақ басшысы Нұралхан Көшеров жауапты тұлғаларға инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда кедергі келтірмеуді, мәселені нақты шешуді  тапсырды. Әр жоба бойынша…

Толық оқу

ҒАСЫР ЖАСАҒАН МАЙДАНГЕРДІ АРДАҚТАДЫ

Түркістан облысында Жеңіс күніне орай ел тыныштығы мен ұрпақ амандығы жолында жанқиярлық ерлік көрсеткен ардагерлерге құрмет көрсету дәстүрі жалғасын табуда. Осыған орай Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков пен Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері, ғасыр жасаған қазыналы қария Эрмохан Ишхоновтың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Кездесу барысында облыс…

Толық оқу

АУЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІН СЕНДІРІП КЕТТІ

​Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Түркістан облысына барып, жергілікті шаруалардың мұң-мұқтажын тыңдап қайтты. Бұл кездесудің негізгі мақсаты — кабинетте отырып емес, ел ішіне шығып, нақты жағдайды көру болды. ​Вице-министр алдағы көктемгі егіс жұмыстарына дайындықтың маңыздылығын, мемлекеттен берілетін көмекті қалай дұрыс пайдалану керектігін және мал өнімдерін шетелге сату мәселелерін қозғады. Сондай-ақ, жерді бос жатқызбай, заң аясында…

Толық оқу

ҮНЕМДІ СУ — МОЛ ӨНІМ

Түркістан облысында суару кезеңі бекітілген кестеге сәйкес уақытылы басталды. Осы бағыттағы өзекті мәселелер облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен Шардара, Мақтаарал және Жетісай аудандарының жауапты өкілдерімен бірге пысықталды. Шардара ауданында су шығыны аз дақылдарға көшу тапсырмасы аясында күріш алқабы 3,4 мың гектарға қысқартылып (2025 жылы – 5,9 мың га), жүгері көлемін 6,5 мың гектарға дейін…

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ ҚАТЫСТЫ

Түркістанда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы тойланды. Мерекелік іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қатысып, жұртшылықпен бірге ұлттық мерекенің шаттығын бөлісті. Сондай-ақ салтанатты жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров те қатысты. Республика мен Түркістан облысының өнерпаздары сахна төрінде өнер көрсетіп, қазақтың бай мәдени мұрасы мен рухани құндылықтарын кеңінен насихаттады. Ұлттық нақышта безендірілген киіз…

Толық оқу

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС-ФОРУМ ӨҢІРЛІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТЕДІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми делегация Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарымен барды. Іссапар аясында Ташкент облысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өңіраралық экономикалық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған «Шекарасыз ынтымақтастық» атты халықаралық бизнес-форум ұйымдастырылуда. Ауқымды халықаралық алаң екі елдің кәсіпкерлік қауымдастығы, инвесторлары мен өндіріс өкілдерінің өзара байланысын нығайтып, сауда-экономикалық серіктестікті кеңейтуге мүмкіндік береді. Форум Түркістан…

Толық оқу