ЕСКЕК ЕСІП

Түркістанда байдарка мен каноэ есуден чемпионат басталды. Ерлер мен әйелдер арасындағы республикалық деңгейдегі жарыс халықаралық ескек есу алаңында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Додаға еліміздің 11 аймағынан 120-дан астам спортшы қатысуда. Бес күнге созылатын сайыста ескекшілер 10 түрлі бағдарламада күш сынасып, үздіктер анықталады. Сонымен қатар, бұл сын Қытайдың Хэфэй қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама беретін маңызды…

Толық оқу

АУЫР ЖҮК ТАСЫМАЛЫНА ЖАҢА ЕРЕЖЕ

Қазақстанда автомобиль көлігімен қауіпті, ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау қағидаларына маңызды өзгерістер енгізілді. Тиісті бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі қабылдады. Аталған құжат техникалық сипатқа ие және ұлттық заңнаманы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) талаптарына сәйкестендіруге бағытталған. Өзгерістер көлік құралдарының рұқсат етілген жалпы салмағы, осьтік жүктемелері, габариттік өлшемдері сияқты негізгі параметрлерді нақтылауды қамтиды. Сонымен қатар,…

Толық оқу

ҚОҒАММЕН ТИІМДІ КОММУНИКАЦИЯ ОРНАТЫЛМАҚ

Түркістан қаласында мемлекеттік ақпараттық саясатты тиімді жүзеге асыру және қоғаммен байланысты нығайту мәселелеріне арналған өңірлік штаб отырысы өтті. Мәжіліске Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев төрағалық етті. Басқосу барысында өңірдегі ақпараттық саясаттың орындалу барысы, мемлекеттік мекемелердің медиа кеңістіктегі белсенділігі және халықпен өзара байланысты күшейту бағытында атқарылған жұмыстар жан-жақты сараланды. Штаб отырысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша…

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауда және интеграция министрін қабылдады. Арман Шаққалиев сауда саласының қазіргі ахуалы мен даму перспективалары бойынша есеп берді. Министр өткен жылдың қорытындысына сәйкес ел экономикасындағы сауда-саттықтың үлесі ішкі жалпы өнімнің шамамен 19 пайызына жеткенін айтты. Бұл бағытқа 1,2 триллион теңге инвестиция тартылып, жалпы тауар айналымы 8,9 пайызға өсіп, 80,3 триллион теңгені құраған. Сондай-ақ,…

Толық оқу

АРДАГЕРЛЕРГЕ СЫЙАҚЫ БЕРУДЕН ҚАЗАҚСТАН ОЗДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Ахмаджан Анартаев ақсақалдың шаңырағына арнайы барып, Жеңістің 81 жылдығымен құттықтады. Өңір басшысы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын табыстап, арнайы сый-сияпат көрсетті. Кездесу барысында облыс әкімі ғасыр жасаған ардагердің Отан алдындағы ерлігі мен ел игілігі жолындағы ұзақ жылғы еңбегіне…

Толық оқу

ТҰРҒЫН ҮЙ ТАҚЫРЫБЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппарат кеңесі өтті. Күн тәртібінде тұрғын үй саясаты мен қаланың 2025 жылғы бюджетінің орындалу мәселесі қаралды.   2020-2024 жылдары жастарға арналған бағдарлама бойынша 3849 жас азамат пәтер алған. Биыл «Жастар» бағдарламасы бойынша бұған дейін берілген 890 пәтердің жалға алу мерзімі аяқталады. Бүгінде 582 пәтер коммуналды меншікке қайтарылған.. Қалған баспаналар…

Толық оқу

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҮШІН МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРІНІҢ ТӘРТІБІНЕ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Түркістан облысында қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау, халық арасында туындауы мүмкін келеңсіз жағдайлардың алдын алу, әлеуметтік маңызы бар мәселелерге жедел ден қою және өңірдегі құқықтық тәртіпті нығайту бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда. Осыған байланысты бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен кезекті апталық штаб мәжілісі өтті.   Жиынға Түркістан облысы прокурорының орынбасары Дәулет Тлемисов, Түркістан облысы Полиция…

Толық оқу

3 МЫҢ АДАМ ТҮНГІ МАРАФОНҒА ҚАТЫСТЫ

Түркістан қаласында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «Turkestan Night Run – 2026» атты алғаш рет ұйымдастырылған түнгі марафон жоғары деңгейде өтті. Аталған іс-шара бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және қаланың туристік әлеуетін арттыру мақсатында өткізілді. «Turkestan Night Run – 2026» тек спорттық жарыс ретінде ғана емес, тарихи-мәдени мазмұнға ие…

Толық оқу

ШӨЛЕЙТКЕ ТӨЗІМДІ ТАЛДАР ЕГІЛДІ

Шардара ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында бұрын-соңды болмаған ауқымды сенбілік жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл бастама қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру бағытында маңызды қадам болды. Аталған шараға мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, даңқты спортшылар, сондай-ақ ауданға қарасты «Қазтелеком», «Қазпошта», аурухана, ГЭС, СЭС, РЭС, ПЭС, «ҚазТрансГаз», «Халық банк» ұжымдары және…

Толық оқу

НАРЫҚТАҒЫ ОРНЫН НЫҒАЙТУҒА АРНАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ

Түркістан қаласында «Atameken Fair Turkistan Brand» жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа төрағасы Қанат Шарлапаев қатысып, өңірде өндірілетін отандық тауарлармен танысты. Жәрмеңке аясында жергілікті кәсіпорындардың өнімдері таныстырылып, аймақтың өндірістік әлеуеті мен кәсіпкерлік саласындағы жетістіктері көрсетілді. Бір алаңға облыстың үздік тауар өндірушілері бас қосып, сапалы отандық өнімдер…

Толық оқу