АПТА САЙЫН ҚАБЫЛДАУ

Ашық әкімдікте апта сайын қабылдау өтіп келеді. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев кезектілік тәртібімен жазылған өңір тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдады. Қабылдауға қатысқан жауапты басқарма басшылары мен қала әкімінің орынбасары әр мәселені дер кезінде шешіп берді.

 

Тұрғындар жекеменшік мектеп ашуға қаржылай қолдау, Тәжік-Ауған соғысының ардагерлеріне сауықтыру шипажайында демалуға жолдама беру, соғыс ардагерлеріне арналған бұрыш ұйымдастыру, сондай-ақ жастарға арналған турнир өткізуді көтерді. Бұған дейін оң шешімін тапқан мәселелер үшін ризашылығын білдірді.

 

Облыс әкімі мен оның орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдауды тұрақты түрде жалғастырады. Қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы және «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады. Жеке қабылдауға жазу жұмыстарын Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді.