ДОТАЦИЯЛЫҚ АЙМАҚТАР ҚАТАРЫНАН ШЫҒУ ЖОЛДАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен кезекті Инвестициялық штабтың отырысы өтті. Басқосуда өңірде жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың орындалу барысы сараланып, 2026 жылы іске асырылатын бастамалар мен шетелдік инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар талқыланды. Облыс басшысы жобаларды іске асыру мерзімін кешеуілдеткен аудан, қала әкімдерінің жұмысын сынға алып, бұл бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды. Нұралхан Көшеров:  –…

Толық оқу

САММИТКЕ АТСАЛЫСҚАН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛАДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымы бейресми саммитінің қорытындысы бойынша өңірдің ұйымдастырушылық жұмысына жоғары баға берді. Мемлекет басшысы маңызды халықаралық іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне жан-жақты дайындық жасаған Нұралхан Көшеров мен облыс тұрғындарына шынайы ризашылығын білдірді.   Президенттің айтуынша, Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті мазмұндық және ұйымдастырушылық тұрғыдан табысты өтіп, Түркістанның халықаралық деңгейдегі…

Толық оқу

3,3 МЛРД ҮНЕМДЕЛДІ 

Шымкент қаласында былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 40 пайызға азайған. Соның арқасында бюджеттің 3,3 млрд теңгесі үнемделген. Бұл туралы Президент Жолдауындағы тапсырмаларды орындау бойынша өткен баспасөз мәслихатында қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек айтты.   Биыл атаулы әлеуметтік көмекке 7,5 млрд теңге қарастырылған. Бұл 4 684 отбасыға арналған қаржы. Мемлекеттік көмек…

Толық оқу

64 ШАҚЫРЫМДЫҚ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ САЛЫНУДА

Тама-Тастанбек ауыз су жүйесінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жоба аясында жалпы ұзындығы 64 шақырым болатын екі желі қарастырылған. Қазіргі таңда диаметрі 560 мм полиэтилен құбырының 32 шақырымы төселіп үлгерді. Сонымен қатар траншея қазу, құбырларды дәнекерлеу, орнату және қысыммен сынақтан өткізу жұмыстары қатар атқарылуда. Бүгінге дейін 55 камералы құдық орнатылған. Бұрғылау жұмыстары да жүйелі жалғасуда. Қазіргі таңда…

Толық оқу

ҚАЗАҚСТАН МЕН ЖАПОНИЯ 14 ҚҰЖАТҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға іс-сапармен барды.  Президент сапары екі елдің өзара тиімді ынтымақтастығына тың серпін беретінін айтты. Қазақстандық делегацияны Жапонияның Премьер-министрі қарсы алды.   Санаэ Такаичи – Сізбен жүздескеніме қуаныштымын. Осыдан 21 жыл бұрын Сыртқы істер министрлерінің «Орталық Азия + Жапония» форматындағы алғашқы жиыны өткен еді. Оған Өзіңіз төрағалық еттіңіз. Бүгін, міне, «Орталық Азия…

Толық оқу

ТӘРТІП БҰЗЫЛМАСА ТӘРБИЕ СӨЗ БОЛМАЙДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру және құқықбұзушылықтардың алдын алу жүйесін күшейту жөніндегі тапсырмалары аясында Түркістан қаласында маңызды көшпелі семинар ұйымдастырылды. Аталған іс-шара кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу, тәуекел факторларын дер кезінде анықтау және тиімді профилактикалық шараларды іске асыру мәселелеріне арналды. Семинар Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» өтіп,…

Толық оқу

АУЛА ТАЗАЛАУҒА 4 МЫҢ ТҰРҒЫН ҚАТЫСТЫ

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «Таза аула» экологиялық акциясы Мақтаарал ауданында кең көлемде ұйымдастырылып, тұрғындардың белсенді қатысуымен жоғары деңгейде өтті. Бұл шара тек кезекті сенбілік емес, қоғамда тазалыққа деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды. Аудан бойынша өткен тазалық жұмыстарына шамамен 4 мыңға жуық адам жұмылдырылып, 11 бірлік арнайы техника тартылды. Ұйымдастырылған іс-шара барысында…

Толық оқу

ЖОСПАРҒА САЙ САНАҚ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков жетекшілік ететін салаларының басқарма басшыларымен мәжіліс өткізіп, тапсырмалардың орындалуын саралады.   Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Файзулла Байдуллаев өңірде ұлттық ауыл шаруашылығы санағы жоспар мен талапқа сай өтіп жатқанын баяндады. Қазіргі таңда Ордабасы, Шардара, Түлкібас және Келес аудандарында жұмыс баяулаған. Бұл бойынша жауапты мамандар себебін анықтап, тиісті шаралар қабылдауда. Мақта…

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ ҚАТЫСТЫ

Түркістанда Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы тойланды. Мерекелік іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қатысып, жұртшылықпен бірге ұлттық мерекенің шаттығын бөлісті. Сондай-ақ салтанатты жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров те қатысты. Республика мен Түркістан облысының өнерпаздары сахна төрінде өнер көрсетіп, қазақтың бай мәдени мұрасы мен рухани құндылықтарын кеңінен насихаттады. Ұлттық нақышта безендірілген киіз…

Толық оқу

ӘСКЕРДЕГІ ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП

Бас Прокурор Берік Асылов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау – барлық деңгейдегі қолбасшылық жұмысының басым бағыты болуы тиіс деген ұстанымына қолдау білдірді.   Әскери қызмет қауіпсіздік, абырой, тәртіп пен әділет қағидаттарына негізделуі қажет.   Осы қағидаларды басшылыққа ала отырып, Мемлекет басшысы Бас әскери прокуратураға Қарулы Күштермен, басқа да әскерлер мен әскери…

Толық оқу