СУ ҮНЕМДЕУГЕ КӨШІРІЛДІ
Түркістан облысының даму жоспары индикаторлық көрсеткіштермен өлшенеді. Аудан және қала әкімдіктері мен жауапты басқармаларға тиесілі жұмыстардың атқарылуы тұрақты бақылау арқылы бағаланады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында көтерген бастамасын облыс әкімдігі осылай іске асырып жатыр. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өзі жетекшілік ететін салалар бойынша аудан-қала әкімдері орынбасарларымен осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды саралады….
