ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУДЫҢ ТЕТІКТЕРІ ТАБЫЛДЫ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен Түркістан облысы әкімдігі жанындағы Терроризмге қарсы комиссияның кезекті мәжілісі өткізілді. Жиынға облыстық Терроризмге қарсы комиссияның мүшелері, құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары, жауапты департамент жетекшілері, сондай-ақ аудан және қала әкімдері қатысты. Комиссияның бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың өзекті мәселелері қаралды. Мәжіліс…
