ТҮРКІСТАНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ГҮЛ ХАБЫН ҚҰРУ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістанның Орталық Азиядағы гүл индустриясының басты орталығына айналу мүмкіндігі артып келеді. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қытай Халық Республикасына жасаған жұмыс сапары барысында Қытайдың гүл өсіру саласындағы жетекші өңір саналатын Юньнань провинциясында Куньмин гүл индустриясы сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Лю Цзюньфэнмен кездесті. Басқосу барысында гүл шаруашылығы, логистика, инвестиция тарту және экспорт бағыттарындағы өзара тиімді әріптестік мәселелері…
