Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ» атты сұхбаты жарияланды. – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге ауқымды сұхбат беру арқылы белгілі бір саяси дәстүр қалыптастырдыңыз деуге болады. Осы орайда, «Turkistan» газетінің ұсынысын қабыл алғаныңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз. – «Turkistan» газеті 30 жылдан бері тұрақты шығып келеді. Бұл – Қазақстандағы ең…

Толық оқу

БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ҚАРАЛДЫ

Балалардың құқықтарын, заңды мүдделерін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басымдығының бірі. Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті.   Күн тәртібінде: мектептерде стоматологиялық қызметпен қамту, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау; білім беру ұйымдарының спорттық, зияткерлік, мәдени-ағартушылық және өзге де іс-шараларға қатысу…

Толық оқу

Президент: «2025 жыл халқымыз үшін мерейлі жыл болды»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын жаңа жылмен құттықтады.   Қымбатты отандастар!   Біз бірнеше минуттан кейін Жаңа жылды қарсы аламыз. Төл тарихымыздың тағы бір белесіне қадам басамыз.   Жұртымыз Жаңа жылды ерекше көңіл-күймен күтеді. Әр адам осы сәтте арман-тілегін айтады. Ескі жылдың ең әсерлі сәттерін еске алады. Болашаққа жоспар құрып, зор үміт артады.   2025…

Толық оқу

1,4 ТРИЛЛИОН ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

Түркістан облысында желтоқсан айында 7 зауыт ашылып, 2 өндіріс орны мен 1 электр станциясының капсуласы салынды. Өңір Президент Жолдауындағы экономиканы әртараптандыру, өндірісті көбейту, инвестиция тарту жөніндегі тапсырмаларын орындауда көш бастап келеді.   2025 жыл ірі зауыттардың ашылуымен, индустрияның өркендеуімен және терең өңдеу саласындағы көрсеткіштердің өсуімен есте қалды. Облыста инвесторлармен тұрақты әрі белсенді жұмыс жүргізу, инвестиция…

Толық оқу

ЕКІ ТҰРҒЫН АЛАБЫНА ТАБИҒИ ГАЗ ҚОСЫЛДЫ

Бүгін Алтынтөбе және Тассай екі ірі шағынауданына табиғи газ жүйесі қосылды. Іске қосу рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, тұрғындарды алдағы мерекемен құттықтады.   Алтынтөбе тұрғын алабына жалпы ұзындығы 12 шақырымнан газ құбыры тартылды. Соның арқасында 343 үй көгілдір отынға қосылды.   Сонымен Тассай шағынауданына да газ қосу рәсімі өтті. Мұндағы газ құбырының ұзындығы 68…

Толық оқу

203 ОТБАСЫҒА ПӘТЕР БЕРІЛДІ

Шымкентте жаңа жыл қарсаңында 203 отбасыға Бозарық шағынауданынан пәтер берілді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа қоныс иелерін құттықтап, шаңырақтарына бейбітшілік пен молшылық тіледі.   Баспана тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға «Отбасы банк» АҚ арқылы «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдік шарттарымен берілді. Қоныстанушылар арасында ерекше күтімді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көп балалы және толық емес…

Толық оқу

ЕҢБЕК АДАМДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Президент жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Шымкенттің дамуына елеулі үлес қосқан еңбеккерлерге құрмет көрсетілді. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.   Жыл бойы жүзеге асырылған жобалар жұмысшы мамандардың мәртебесін арттыруға және олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін дәріптеуге бағытталды. Ғабит Сыздықбеков атап өткендей, бұл бағыт Президенттің «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» қағидатына…

Толық оқу

ТҰРҒЫН ҮЙ ТАҚЫРЫБЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппарат кеңесі өтті. Күн тәртібінде тұрғын үй саясаты мен қаланың 2025 жылғы бюджетінің орындалу мәселесі қаралды.   2020-2024 жылдары жастарға арналған бағдарлама бойынша 3849 жас азамат пәтер алған. Биыл «Жастар» бағдарламасы бойынша бұған дейін берілген 890 пәтердің жалға алу мерзімі аяқталады. Бүгінде 582 пәтер коммуналды меншікке қайтарылған.. Қалған баспаналар…

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ ШЫРШАСЫ ӨТТІ

Шымкентте «Ғажайыпқа толы жаңа жыл!» тақырыбымен дәстүрлі Президент шыршасы өтті. Мерекелік іс-шараға 300-ден астам бала қатысты. Олардың қатарында үздік оқушылар, республикалық, қалалық және халықаралық зияткерлік, ғылыми, шығармашылық байқаулар мен спорт жарыстарының жеңімпаздары бар.   Сондай-ақ, мерекелік кештен көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар да шет қалмады. Қала әкімі жеткіншектерді…

Толық оқу

ШЫМКЕНТТЕ 246 БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ ЖАСАЛДЫ

Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханада кезекті 246-шы бүйрек трансплантациясы сәтті өтті. 1 сағат 27 минутта аяқталған отаны тәжірибелі дәрігерлерден құралған мультидисциплинарлық команда жасады.   Бұл жолы 49 жастағы науқас 2022 жылдан бері диализге тәуелді болып келген. Оған 41 жастағы азаматша донор болды. Қазіргі таңда реципиенттің жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында.   Бұл операция шымкенттік дәрігерлердің кәсіби…

Толық оқу