АРНАЙЫ КИІМДЕР НАРЫҚҚА ШЫҒЫП ЖАТЫР

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Созақ ауданына жұмыс сапары барысында Шолаққорған ауылындағы «Sozaq Group» ЖШС-нің өндірістік цехына барып, кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен және өндірістік мүмкіндіктерімен танысты. Мұнда арнайы киімдер, тұрмыстық қолғаптар, шұлық, жұмысқа арналған аяқ киімдер және арнайы жамылғылар шығарылады. Өндіріс орны 2026 жылы құрылып, жобаға 250 млн теңге инвестиция тартылған. Сонымен қатар «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында…

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДАМУ ДИНАМИКАСЫН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ

Президент зиялы қауым өкілдерінің кездесуінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін атап өтті. Былтыр ел экономикасы 6,5 пайызға өсті. Жалпы ішкі өнім 306 миллиард долларға жетті. Ал оның жан басына шаққандағы үлесі алғаш рет 15 мың доллар болды. Бұл – ТМД елдерінің арасында жоғары көрсеткіш.   Алтын-валюта қоры Тәуелсіздік тарихында алғаш рет 74 миллиард долларға жуықтаған. Орталық Азия…

Толық оқу

«ЖІБЕК ЖОЛЫ» ЖАҢҒЫРТЫЛЫП ЖАТЫР

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев Сарыағаш ауданына жұмыс сапары барысында қайта жаңғыртылып жатқан «Жібек жолы» кеден бекетінің құрылыс алаңында болды. Олар нысанда атқарылып жатқан жұмыстардың барысын қарап, құрылыс сапасы мен мерзімінің сақталуына қатысты жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді. Жобаның тапсырыс берушісі – Қазақстан Республикасы…

Толық оқу

Global climate change

Lorem ipsum dolor sit amet,sed diam nonumy eirmod tempor invidunt ut labore et dolore magna aliquyam erat, At vero eos et accusam et justo duo dolores et ea rebum. Lorem ipsum dolor sit amet, no sea takimata sanctus est Lorem ipsum dolor sit amet. Stet clita kasd gubergren, no sea takimata sanctus est Lorem ipsum…

Толық оқу

МӘДЕНИ-ТУРИСТІК ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров италиялық Magister Art⁠ компаниясының президенті Ренато Сапоритомен ресми кездесу өткізіп, мәдениет, туризм, креативті индустрия, цифрлық технологиялар және халықаралық ынтымақтастық салаларындағы өзара әріптестікті дамыту мәселелерін жан-жақты талқылады. Кездесу Түркістан облысының тарихи-мәдени әлеуетін халықаралық деңгейде танытуға, өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға және жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды. Кездесу…

Толық оқу

МЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ ЖАРЫСАДЫ

Түркістан қаласында Мемлекеттік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылған облыстық спартакиада өз бастауын алды. Дәстүрлі түрде өткізілетін ауқымды спорттық іс-шараға облыстың қала және аудандарынан, сондай-ақ өңірлік басқармалар мен департаменттерден келген 1000-ға жуық мемлекеттік қызметші қатысуда. Аталған жарыс мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың дене белсенділігін арттыруға, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауға және әріптестер арасындағы өзара ынтымақтастықты…

Толық оқу

124 МЛН ТЕҢГЕГЕ АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ

Мемлекет басшысының шалғай елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес Түркістан облысында инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды жетілдіру жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Бұл бағыттағы жобалар облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауында. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров Төлеби ауданына жұмыс сапары аясында Леңгір қаласындағы «Достық-2» су ұңғымасының жай-күйін тексеріп, нысанда атқарылған жұмыстардың нәтижесімен танысты. Қала халқын сапалы…

Толық оқу

ҰРЛЫҚ ПЕН ҚҰМАР ОЙЫНДАРЫН БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Алдағы кезеңде құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту мақсатында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Басқосуда екі өзекті бағыт кеңінен қаралды. Атап айтқанда, Ұрлықтарға қарсы іс-қимылдың 2024–2026 жылдарға арналған бағдарламасының орындалу барысы талданып, мүліктік қылмыстардың, оның ішінде пәтер, автокөлік, мал, қалта және ұялы…

Толық оқу

ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ БАСТАЛДЫ

Түркістандағы «Olympic center» спорт кешенінде қазақ күресінен ересектер арасында Қазақстан кубогінің ресми ашылу салтанаты өтті. Ел біріншілігіне барлық аймақтардан 369 балуан қатысып, бақ сынасып жатыр. ​Күрес сайысын Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев ашып берді. «Qazaq Kuresi» қауымдастығының бас директоры Мейіржан Берекетов және Республикалық ұлттық және ат спорты түрлері орталығының жетекшісі Қайрат Пазылбеков құттықтау сөз…

Толық оқу

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАУ — ЭПИДЕМИЯДАН САҚТАНУ

Сарыағаш ауданында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылып, қоршаған ортаны қорғау мен қоғамдық тазалықты сақтау бағытындағы кешенді жұмыстар кең көлемде жүзеге асырылды. Аталған акцияның басты мақсаты – ел аумағын қоқыстан тазарту, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа жанашырлықпен қарау құндылықтарын дәріптеу және туған жер тазалығына деген жауапкершілікті күшейту. Тазалық – адам денсаулығы мен…

Толық оқу