«ЭКО-ТРАК» ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖОБАСЫ

Түркістан қаласындағы №32 «Келешек» мектебінің аумағында оқушыларға арналған «Эко-Трак» экологиялық жобасының ресми таныстырылымы өтті. Бұл бастама елімізде кең көлемде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Аталған жоба «Катко» компаниясының қолдауымен Созақ ауданындағы бес мектепте «Жасыл мектеп» бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ. Жобаның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа қоршаған ортаны қорғаудың маңызын…

Толық оқу

IT-КАБИНЕТ АШЫЛДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялады.  Осыған сәйкес еліміздің ұзақ мерзімді даму стратегиясын жаңа технологиялар негізінде жүзеге асыруға, цифрлық трансформацияны жеделдетуге және жасанды интеллектті кеңінен енгізу тапсырылды. Кентау политехникалық колледжі базасында студенттердің цифрлық құзыреттерін дамытуға және еңбек нарығында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға арналған заманауи IT-кабинет ашылды. Іс-шараға қатысқан…

Толық оқу

ОРДАБАСЫНЫҢ ДРАЙВЕРІ

«Балуан тас» экспедициясы Түркістан облысының экономикалық әлеуетімен де танысты. Экспедиция мүшелері Ордабасы ауданындағы — «Бадам» индустриалды аймағын аралады. ​Инфрақұрылым: Инвесторлар үшін қолайлы орта ​52 гектар аумақты алып жатқан индустриалды аймақ заманауи инженерлік жүйелермен толық жабдықталған. Бүгінде мұндағы жер телімдерінің басым бөлігі игеріліп, бос жатқан алаң небәрі 0,8 гектарды ғана құрайды. Бұл — инвесторлар тарапынан сұраныстың…

Толық оқу

ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ КОНТРАБАНДАНЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету бағытында сәуір айында құзырлы мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, бірқатар маңызды нәтижелерге қол жеткізді. Есепті кезеңде шекара кеңістігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған 4 113 тұлға ұсталды, оның ішінде 3 545-і шетел азаматтары. Сонымен қатар мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен…

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ ТҮРІКМЕНСТАН БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Президент Түрікменстан басшысымен кездесу өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедов және бауырлас түрікмен халқын –Түрікменстанның тұрақты бейтараптығына 30 жыл толуымен құттықтады. Осыған орай ұйымдастырылған халықаралық форумда көтерілетін маңызды мәселелерді атап өтті.   Қасым-Жомарт Тоқаев: – Ашхабад секілді көркем шаһарға шақырғаныңыз үшін ризашылығымды білдіремін. Мұнда келген сайын қонақжай пейілдеріңізді, туыстық әрі достық көңілдеріңізді сезінеміз. Ертеңгі форум өзіне…

Толық оқу

ЖОЛ ЖОБАСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Түркістан облысында өңірлік инфрақұрылымды дамыту және жол сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, халықты сапалы жол желісімен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар ірі жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Осы бағыттағы маңызды нысандардың бірі – Шардара ауданындағы Жаушықұм және Қалғансыр елді мекендерін өзара байланыстыратын аудандық маңыздағы автомобиль жолы. Қазіргі уақытта…

Толық оқу

ТҮРКІСТАН: МАҚТАДАН КИІМ ТІГУГЕ ДЕЙІНГІ ТОЛЫҚ ЦИКЛДІ ӨНДІРІС ДАМУДА

Түркістан облысында ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары кезең-кезеңімен әрі жүйелі түрде жалғасуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров өңірде қолға алынған «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» жобасының инвесторларымен кездесіп, жобаның іске асу қарқынын, өндірістік көрсеткіштерін және алдағы даму бағыттарын жан-жақты талқылады. Кездесу барысында негізгі басымдықтар, өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары қарастырылды. Аталған жоба – облыс экономикасы…

Толық оқу

КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯ АППАРАТЫМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ

Шымкент қаласында жергілікті бюджет есебінен заманауи компьютерлік томография (КТ) аппараты сатып алынды. Жаңа жабдықтар қалалық балалар клиникалық ауруханасы мен Онкологиялық орталығы бар көпбейінді ауруханаға берілді. Компьютерлік томография ағзадағы түрлі патологиялық өзгерістерді жоғары дәлдікпен анықтауға арналған. Бұл аппараттардың көмегімен дәрігерлер науқастарға нақты әрі жылдам диагноз қойып, тиімді ем тағайындай алады.   Жаңа КТ аппараттары зерттеу нәтижелерін…

Толық оқу

ТАҒЫ 30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Шымкентте жалдамалы пәтерлерді бөлудің кезекті кезеңіне сәйкес тұрғын үй кезегінде кезегінде тұрған 30 отбасыға пәтер кілті табысталды. Салтанатты іс-шараға мегаполис басшысы Ғабит Сыздықбеков қатысып, қоныс тойымен құттықтады.   Үйлер нысандардың дайын болуына және тиісті құжаттардың рәсімделуіне қарай кезегін күткен азаматтарға беріліп жатыр. Баспаналар мүгедектігі бар азаматтарға, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, сондай-ақ, ата-ана қамқорлығынсыз қалған…

Толық оқу

ҚЫЗҒАЛДАҚТЫ ҚЫЗЫҚТАЙМЫН ДЕП ТАПТАП КЕТКЕН

Түркістан облысында табиғи байлықтарды сақтау және қызғалдақтардың сирек түрлерін қорғау мақсатында «Қазақстан – қызғалдақтар отаны» атты ауқымды экологиялық акция ұйымдастырылды. Бұл бастама өңір тұрғындарының табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға және экологиялық мәдениетті нығайтуға бағытталды. Іс-шара барысында қатысушылар тау бөктерінде өсетін Грейг қызғалдақтарының табиғи ортадағы әсемдігін тамашалап, оларды қорғаудың маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат алды. Мамандардың айтуынша, қызғалдақтар…

Толық оқу