ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАНДА ТАҒЫ БІР АУЫЛҒА ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕТКІЗІЛДІ
Мемлекет басшысының елді мекендерді табиғи газбен қамтуды жеделдету жөніндегі нақты тапсырмасын іске асыру аясында Түркістан облысында жүйелі жұмыстар жалғасып келеді. Соның айқын нәтижесінің бірі – Сарыағаш ауданындағы Көктерек ауылдық округіне қарасты Көктерек кентінің жаңа тұрғын үй аумағының табиғи газға қосылуы. Аталған жобаның аясында Жасқанат, Қонаев, Бірлік, Тұран, Самал, Көктерек, Түркістан, Ұлытау, Жібек жолы, Береке, Отырар,…
