ПРЕЗИДЕНТ ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ДАМУ БАҒДАРЫН ТОЛЫҚ ІСКЕ АСЫРУҒА БАСА НАЗАР АУДАРДЫ

Президент Әзербайжанның Габала қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің ХІІ саммитіне қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан «Түркі мемлекеттері ұйымы+» форматын құру идеясын қолдап, жаһандық қауіпсіздік жүйесі күрделі кезеңді бастан өткеріп жатқанына тоқталып , қақтығыстар мен шиеленістер, геосаяси текетірестер әлемнің кез келген мемлекетіне әсер ететін қауіпті үрдіске айналғанын алаңдаушылық білдірді.   Қасым-Жомарт Тоқаев: –…

Толық оқу

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ 3 ІРІ ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ  

Астанада «Орталық Азия – Қытай» индустриялық және инвестициялық ынтымақтастықтың ІІ форумы өтті. Халықаралық деңгейдегі басқосуға Қазақстан, Өзбекстан, Тажікстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Қытай елдерінің өкілдері, бизнес қауымдастықтары мен ірі инвесторлары қатысты. Мақсат Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы экономикалық байланысты дамыту және нығайту, өзара инвестиция тарту, бірлескен өндірістер құру және өңір экономикасының стратегиялық салаларында кооперациялық жобаларды…

Толық оқу

ТҮРКІСТАНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ГҮЛ ХАБЫН ҚҰРУ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістанның Орталық Азиядағы гүл индустриясының басты орталығына айналу мүмкіндігі артып келеді. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қытай Халық Республикасына жасаған жұмыс сапары барысында Қытайдың гүл өсіру саласындағы жетекші өңір саналатын Юньнань провинциясында Куньмин гүл индустриясы сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Лю Цзюньфэнмен кездесті. Басқосу барысында гүл шаруашылығы, логистика, инвестиция тарту және экспорт бағыттарындағы өзара тиімді әріптестік мәселелері…

Толық оқу

АЛҒАШҚЫ ҚАУЫН РЕСЕЙ НАРЫҒЫНА ЖӨНЕЛТІЛДІ

Түркістан облысының Жетісай ауданында жыл он екі ай тынымсыз еңбек еткен диқандардың маңдай тері ақталып, алғашқы қауын өнімдері жинала бастады. Берекелі өңірдің шаруалары ерте піскен тәтті қауындарын Ресей Федерациясына экспорттап, өнімдерін халықаралық нарыққа шығаруда. Бұл – аудан еңбеккерлерінің табанды жұмысы мен аграрлық саладағы жүйелі қолдаудың нақты нәтижесі. Биыл ауданда жалпы 79,2 мың гектар суармалы жер…

Толық оқу

ҚУАТТЫ ҚОНДЫРҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ…

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ірі газ кеніштерін игеру, ауылдарды газбен қамтамасыз етуді атқарушы билікке тапсырған. Оны іске асыру бойынша Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысын салу жоспарланған. Стратегиялық нысанның құрылысы Сайрам ауданында жүргізіліп жатыр. облысы әкімі осыған байланысты жиналыс өткізді. Нұралхан Көшеров:  – Бұл – аса маңызды жоба. Уақтылы әрі…

Толық оқу

АРЫС ҚАЛАСЫНДА ФРАНЦИЯМЕН БІРЛЕСКЕН ЭЛЕКТРОВОЗДАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ДЕПОСЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ

Түркістан аймағының басшысы Нұралхан Көшеров Арыс шаһарына іссапармен барып, бірқатар өндірістік ошақтарды шолып шықты. Жобаны бастаушы тараптармен жолығып, инвестициялық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысын көрді. Алдымен аймақ басшысы Арыс-Шардара тасжолының бойында орын тепкен Қазақстан мен Франция мемлекеттерінің бірлескен электровоздарға сервистік қызмет көрсету орталығына аялдады. Нұралхан Көшеров өндірістік нысанның өңірдегі теміржол саласының дамуына және жаңа жұмыс орындарын…

Толық оқу

ШІРКЕЙ ДӘРІЛЕНУДЕ

Жылда шіркейден зардап шегіп келе жатқан Отырар ауданында дезинсекциялау жұмыстары басталды. Көктемде көбейетін зиянкестермен күрес шаралары ғылыми сүйемелге негізінделген. Яғни биологиялық әдіспен залалсыздандырылады. Қазір Сырдария өзені бойы мен елді мекендер дезинсекцияланады. Биологиялық өңдеуден кейін химиялық залалсыздандыру жұмыстары да жүргізіледі.  Бұл іске 10 қайық, 18 арнайы техника және 41 маман жұмыс істеп жатыр.

Толық оқу

ЖЕТІСАЙДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Жетісай ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Асықата кентінде жаңадан салынған «Aksu Samruk Medical Clinic» медициналық орталығының ашылу салтанатына қатысып, тұрғындарды маңызды әлеуметтік нысанның іске қосылуымен құттықтады. Іс-шара барысында өңір басшысы адам өмірі мен денсаулығы мемлекеттің ең басты құндылықтарының бірі екенін атап өтіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес денсаулық сақтау…

Толық оқу

6,6 ТРЛН ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛМАҚ

Шымкент қаласының экономикасын тұрақты дамыту мақсатымен алдағы 5 жылда 6,6 триллион теңге инвестиция тарту жоспарланған. Бұл туралы мегаполис әкімі Ғабит Сыздықбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.   Ғабит Сыздықбеков  – Президентіміздің тапсырмасына сәйкес, өңірге инвестиция тарту – стратегиялық міндетіміз. Бұл ретте инвесторларға қолайлы жағдай жасап, тұрақты қолдау көрсетіп келеміз. Соңғы 3 жылда қала…

Толық оқу

АШЫҒЫН АЙТТЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров азаматтарды жеке қабылдап, өңір тұрғындарының талап-тілектеріне құлақ түрді. Кездесу барысында халық жер қатынастары, баспана сапасы және кәсіп бастауға қатысты бірқатар өзекті мәселелерді ашық жеткізді. Әсіресе, Түркістан қаласындағы Жаңа қала аумағында бой көтерген 20 қабатты тұрғын үйдің сапасына байланысты шағымдар айтылды. Тұрғындар құрылыс жұмыстарының сапасын тексеріп, кемшіліктерді жедел жоюды талап етті….

Толық оқу