САММИТКЕ АТСАЛЫСҚАН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛАДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымы бейресми саммитінің қорытындысы бойынша өңірдің ұйымдастырушылық жұмысына жоғары баға берді. Мемлекет басшысы маңызды халықаралық іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне жан-жақты дайындық жасаған Нұралхан Көшеров мен облыс тұрғындарына шынайы ризашылығын білдірді.   Президенттің айтуынша, Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті мазмұндық және ұйымдастырушылық тұрғыдан табысты өтіп, Түркістанның халықаралық деңгейдегі…

Толық оқу

ТҮРКІСТАНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ 25,5 ПАЙЫЗҒА ӨСТІ

Түркістан қаласында Құрылысшы күніне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылып, өңірдің құрылыс саласында еңбек етіп жүрген мамандарға құрмет көрсетілді. Кәсіби мерекеге орай өткен іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, құрылыс саласының ардагерлері мен білікті мамандары, сондай-ақ жас құрылысшылар қатысты. Мерекелік шара аясында арнайы көрме өткізіліп, онда құрылыс саласында пайдаланылатын заманауи техника мен құрал-жабдықтар, құрылыс материалдары және арнайы…

Толық оқу

БИЫЛ 1,2 млн м2 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

Астанада өткен Үкімет отырысында азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру жолдары қаралды. Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үй беру жоспарларын дұрыстап орындауды тапсырды. Олжас Бектенов:  — Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарларының орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл ретте қалаларда қолайлы, жайлы ортаны қалыптастыруға көңіл бөлу керек….

Толық оқу

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛДІ

Түркістан облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін нығайту бағытындағы өзекті мәселелер жан-жақты қаралды. Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева облыстық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия мүшелері, басқарма жетекшілері, аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, психологтар мен құқық қорғау құрылымдарының қатысуымен арнайы жұмыс отырысын өткізді. Басқосу барысында облыс әкімінің орынбасары…

Толық оқу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Құрметті депутаттар!   Өткен аптада Парламенттің жаңа сессиясы ашылды.   Қызметтеріңізге табыс тілеймін! Алдыңғы сессия жемісті болды деп күмәнсіз айтуға болады. Елге қажетті көптеген заң қабылданды.   Халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер көтерілді, жан-жақты талқыланды. Депутаттар жазғы демалыс кезінде аймақтарға барып, азаматтармен кездесті. Енді жұртшылық айтқан мәселелерді саралап, Үкіметпен бірге пысықтап, осы сессия барысында ескеру…

Толық оқу

ТҮРКІСТАНДЫ ТАҒЫ 2 МЫҢ АДАМ ТАЗАЛАДЫ

Түркістан қаласында Taza Qazaqstan республикалық бағдарламасы аясында «Жасыл болашақ» іс-шаралар жоспарына сәйкес жалпықалалық сенбілік жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ауқымды экологиялық акцияның басты мақсаты – қаланың санитарлық жағдайын жақсарту, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру. Сенбілікке қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы арнайы қатысып, шаһар аумағын көркейту жұмыстарына белсене атсалысты. Сонымен қатар, тазалық шарасына қала тұрғындары,…

Толық оқу

АҒЫН СУ ЖЕТУІ ТИІС

Түркістан әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өңірдегі вегетациялық кезеңнің атқарылуы бойынша арнайы мәжіліс өткізді.   Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Файзулла Байдуллаевтың айтуынша, егістікке қажетті ағын су көлемі шаруалардың сұранысына сәйкес жеткізіліп жатыр. Облысқа тиесілі жылдық су пайдалану лимитінің 63%-ы көрші мемлекет есебінен толтырылады. Үкіметаралық бекітілген лимиттің көлемі — 1,1 млрд.м3. Трансшекаралық «Достық» магистралды каналы арқылы Жетісай, Мақтаарал…

Толық оқу

 «AINALA» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ ҚАНДАЙ?

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданына жасаған іссапары аясында жақында іске қосылған «Ainala» аралас үлгідегі оңалту орталығына арнайы барды. Аймақ басшысы мекеменің жұмыс барысымен танысып, дәрігерлер және мамандармен пікір алмасты. Облыс әкімі орталықта ем алып жатқан балалардың жағдайын көріп, олардың оңалту және дамыту шараларының нәтижесіне назар аударды. Сонымен бірге, бүлдіршіндердің өнерін тамашалап, жетістіктеріне жоғары…

Толық оқу

ҚЫРЫҚ ЖЫЛ КҮТКЕН МӘСЕЛЕ: ТІРШІЛІК НӘРІ ЖЕТЕТІН БОЛДЫ

Шардара ауданының халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды инфрақұрылымдық жоба жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Ұзақ жылдар бойы қордаланған бұл мәселенің шешім табуы – тұрғындар үшін маңызды жаңалық. Осы бағыттағы жұмыстардың барысымен танысу мақсатында аудан әкімі Арман Қарсыбаев құрылыс алаңында болып, Шардара қаласы аумағындағы «Шардара су электр станциясы» маңында жүргізіліп жатқан инженерлік инфрақұрылым…

Толық оқу

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ ҚАУІПТЕРІ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ЕЛДЕРІНДЕГІ ШЕКТЕУЛЕР: ТОЛЫҚ САРАПТАМАЛЫҚ ШОЛУ

Қазіргі кезде әлеуметтік желілер адамдардың қарым-қатынас жасау, ақпарат алу, білім үйрену, жұмыс істеу және қоғамдық пікір қалыптастыру тәсілдерінің бір бөлігіне айналды. TikTok, Instagram, Telegram, WhatsApp, YouTube, Facebook және X миллиардтаған адам қолданатын ірі платформалар болғанымен, олардың айналасында құпиялылық, алаяқтық, жалған ақпарат, кибербуллинг, балалардың қауіпсіздігі және мемлекеттік бақылау сияқты мәселелер де қалыптасты. Бұған қоса, әлемнің көптеген…

Толық оқу