ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАНДА ТАҒЫ БІР АУЫЛҒА ТАБИҒИ ГАЗ ЖЕТКІЗІЛДІ

Мемлекет басшысының елді мекендерді табиғи газбен қамтуды жеделдету жөніндегі нақты тапсырмасын іске асыру аясында Түркістан облысында жүйелі жұмыстар жалғасып келеді. Соның айқын нәтижесінің бірі – Сарыағаш ауданындағы Көктерек ауылдық округіне қарасты Көктерек кентінің жаңа тұрғын үй аумағының табиғи газға қосылуы. Аталған жобаның аясында Жасқанат, Қонаев, Бірлік, Тұран, Самал, Көктерек, Түркістан, Ұлытау, Жібек жолы, Береке, Отырар,…

Толық оқу

ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТОРЛАР ГҮЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫМЕН АЙНАЛЫСУҒА НИЕТТІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қытайдың «Shaanxi Silk Road City Holding Group Co., Ltd» компаниясының бас директоры Юань Чжао Хуэймен және компанияның Қазақстандағы өкілдерімен кездесті. Басқосуда өңірдегі жылыжай кешендерін әртараптандыру, гүл шаруашылығын өркендету және көгалдандыру бағытындағы инвестициялық бастамаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды. Кездесу барысында жергілікті шаруалармен ынтымақтастық орнату, өңірді абаттандыруға қажетті гүлдер мен сәндік ағаш…

Толық оқу

МӘДЕНИЕТТІ ҚОЛДАЙДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Қанат Айтбаев пен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаевамен кездесіп, өнер мен мәдениетті дамыту мәселелері сөз етті.   Нұралхан Көшеров: – Бүгін өздеріңізбен Амал күні жолығып отырмыз. Жаңа жыл құтты болып, еліміз дами берсін. Димаш бауырымыздың «Көкжиектен асқан үн» халықаралық тележобасы арқылы Түркістанның туристік орындары…

Толық оқу

«АСТАНА» САЯБАҒЫ АШЫЛАДЫ

Түркістан қаласының қоғамдық демалыс орындары тағы бір жаңа нысанмен толығады. Қаланың жаңа аумағында «Астана» саябағының құрылысы қарқын алуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров құрылыс алаңына арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты және жауапты мамандарға бірқатар нақты тапсырма жүктеді. Жаңа саябақ тұрғындардың жайлы демалуына мүмкіндік жасауға, шаһардың сәулеттік ажарын арттыруға және қоғамдық орындардың сапасын жақсартуға арналған. Жалпы…

Толық оқу

БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ҚАРАЛДЫ

Балалардың құқықтарын, заңды мүдделерін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басымдығының бірі. Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті.   Күн тәртібінде: мектептерде стоматологиялық қызметпен қамту, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау; білім беру ұйымдарының спорттық, зияткерлік, мәдени-ағартушылық және өзге де іс-шараларға қатысу…

Толық оқу

ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың төрағалығымен аппарат отырысы өтті. Күн тәртібінде қаладағы энергетикалық жүйені жаңарту бойынша аралық қорытындылар, алдағы жылға арналған басым жобалар және Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің 2025 жылғы жұмысының қорытындылары, сондай-ақ, цифрлық отбасы картасын іске асыру мәселелер қаралды.   Энергетика және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы…

Толық оқу

IT-КАБИНЕТ АШЫЛДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялады.  Осыған сәйкес еліміздің ұзақ мерзімді даму стратегиясын жаңа технологиялар негізінде жүзеге асыруға, цифрлық трансформацияны жеделдетуге және жасанды интеллектті кеңінен енгізу тапсырылды. Кентау политехникалық колледжі базасында студенттердің цифрлық құзыреттерін дамытуға және еңбек нарығында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға арналған заманауи IT-кабинет ашылды. Іс-шараға қатысқан…

Толық оқу

ЦИФРЛЫҚ ШТАБ ҚҰРЫЛДЫ

Президент тапсырмаларын шұғыл орындау үшін Үкіметте цифрлық штаб құрылды. Цифрландыру жүйесін жетілдіру үш ай мерзімде іске асырылуы тиіс. Премьер-министр Олжас Бектенов жасанды интеллектіні дамыту мәселелері бойынша жиын өткізді. Онда Президент белгілеген негізгі тоғыз бағыт қарастырылды. Олардың қатарында экономиканың нақты секторына, мемлекеттік басқаруға, денсаулық сақтау салаларына ЖИ енгізу, Жасанды интеллект және цифрлық трансформация стратегиясын әзірлеу, мемлекеттік…

Толық оқу

САЯЛЫ ТАЛ ҚАЛДЫРАДЫ

Жетісай ауданы аумағында қоршаған ортаны қорғау мен санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытында кең көлемді экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Аталған бастама мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде жалпыхалықтық сипат алған Taza Qazaqstan акциясы аясында «Жасыл болашақ» атауымен өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – елді мекендердің экологиялық ахуалын жақсарту, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру және тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру. Жаппай…

Толық оқу

ХАЛЫҚПЕН ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫС: НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ОРДАБАСЫЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІНЕ ҚҰЛАҚ АСТЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің өңір тұрғындарымен кездесулері мен жеке қабылдаулары жүйелі түрде жалғасып келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын басшылыққа алған кезекті кездесу Ордабасы ауданында өтіп, өңір басшысы аудан тұрғындарымен жүздесіп, олардың талап-тілектері мен ұсыныстарын тыңдады. Сонымен қатар жеке қабылдау өткізіп, тұрғындар көтерген мәселелерді жан-жақты талқылап, оларды шешудің нақты жолдарын…

Толық оқу