ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың төрағалығымен өткен аппарат отырысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмауға қатысты эпидемиологиялық жағдай, сондай-ақ субұрқақтардың биылғы жұмысы мен келесі жылға жоспарлар қаралды.   Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қанат Қадырбеков Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында сыбайлас жемқорлық қылмыстарға жауапкершілікті қатаңдату шаралары қабылданғанын…

Толық оқу

МӘДЕНИ-ТУРИСТІК ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров италиялық Magister Art⁠ компаниясының президенті Ренато Сапоритомен ресми кездесу өткізіп, мәдениет, туризм, креативті индустрия, цифрлық технологиялар және халықаралық ынтымақтастық салаларындағы өзара әріптестікті дамыту мәселелерін жан-жақты талқылады. Кездесу Түркістан облысының тарихи-мәдени әлеуетін халықаралық деңгейде танытуға, өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға және жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды. Кездесу…

Толық оқу

ТЫҢ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және жоғары білім министрін қабылдады. Саясат Нұрбек министрлік қызметінің басым бағыттары мен ғылым және жоғары білім салаларындағы стратегиялық бастамаларды жүзеге асыру барысын баяндады. Сондай-ақ, жаңа Конституцияның білім және ғылым салаларындағы әлеуеті, адам капиталын дамытатын экожүйе құру шаралары мен таланттарды үздіксіз қолдау тетіктері, еңбек нарығын зерттеу нәтижелері мен 2030 жылға дейінгі мамандарға сұраныс…

Толық оқу

9 АУДАНДА 275 МЫҢ ГЕКТАР ДӘРІЛЕНДІ

Түркістан облысында шегіртке зиянкесіне қарсы күрес жұмыстары қарқынды жалғасуда. Бүгінде өңірдің 9 ауданында химиялық өңдеу шаралары жүргізіліп, жалпы 275 мың гектардан астам алқап дәріленді. Мамандар бұл науқанды тек маусымдық шара емес, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтап қалуға бағытталған маңызды стратегиялық жұмыс ретінде бағалап отыр. Себебі шегіртке — егістікке қысқа уақыт ішінде орасан зиян келтіретін аса қауіпті…

Толық оқу

«ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛСА, ОРЫНДАЛМАҒАН МАҚСАТ ҚАЛМАС ЕДІ»,- Қайрат Балабиев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Үкіметке шикізаттық емес орта кәсіп­орындарға арналған экспорттық акселерация бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырамын. Бұл идеядан нәтижеге дейін мақсатты түрде қолдау көрсету үшін қажет. Шағын және орта бизнестің жалпы іш­кі өнімдегі үлесі 2025 жылға қарай 35 пайызға дейін, ал жұмыспен қамтыл­ған­дардың саны 4 миллион адамға дейін көбеюі керек. Бұл осы саланы дамы­туға бағытталған жұмыстардың…

Толық оқу

ГҮЛ ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдегі гүл шаруашылығы саласының озық тәжірибелерімен танысу мақсатында раушан гүлдерін өсіретін ірі тұқымбақтардың біріне барды. Сапар барысында әкім гүл өсірудің заманауи технологиялық тәсілдерін, өндірістік циклдің барлық кезеңдерін және өнімді нарыққа шығару тетіктерін жан-жақты зерделеді. Кездесу аясында раушан гүлдерін өсірудің ғылыми негізделген әдістері, жоғары өнімді сұрыптарды…

Толық оқу

ӨНІМДІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙТЫЛАДЫ

Түркістан облысы әкімінің аппараты өткізген апталық мәжілісте өңірдегі күзгі дала науқанының қазіргі ахуалы мен мал шаруашылығын қысқы кезеңге қажетті жем-шөп қорымен қамту мәселелері қаралды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқарма басшысына және аудан, қала әкімдеріне күзгі жиын-терім науқанын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу көлемін ұлғайту маңызды міндеттердің бірі…

Толық оқу

АПТА САЙЫН 30-50 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОП ЖАТЫР

Шымкентте тағы 30 отбасы баспаналы болды. Олар Асар-2, Тұран және Бозарық шағынаудандарындағы үйлерге қоныстанады.   Пәтер кілттерін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің өзі табыстады. Коммуналды үй қорынан берілген баспана толық емес отбасыларға, мүгедектігі бар азаматтарға, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, сондай-ақ, жетім және мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға берілді.   Жаңа пәтерлер инженерлік-коммуникациялық желілерге қосылған және…

Толық оқу

Шымкент: ҰҚК ҰСТАДЫ

ҚР ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті жемқорлықпен күресті жалғастыруда. Тағы бір басшыға қатысты тергеу амалдары аяқталды.   Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Шымкент қаласы бойынша обаға қарсы күрес стансасының басшысы Ералқасын Түктібайға қатысты қылмыстық істі жолданды.   Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің қарамағындағы қызметкерлерден еңбек шартын ұзарту үшін бірнеше…

Толық оқу

СОЗАҚТА САЛЫНАДЫ

Созақта 1000 орындық жұмыс орнына арналған жоба жүзеге асырылады. «Саутс-ойл» компаниясының «Созақ фосфат» фосфор тыңайтқыштарын өндіру зауытын салуды бастады.  Өндіріс ошағының капсуласын салу рәсіміне облысы әкімі арнайы қатысты. Нұралхан Көшеров: – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы экономиканы әртараптандыру, өндірісті дамыту міндетін жүктеді. Облыста осы бағытта жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгін Түркістан облысына және Созақ ауданы үшін маңызды…

Толық оқу