ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ: — ПРЕЗИДЕНТТІҢ БҰЛ ШЕШІМІ — СТРАТЕГИЯЛЫҚ КӨРЕГЕНДІКТІҢ АЙҚЫН ДӘЛЕЛІ

Парламент Мәжілісінің депутаты Қайрат Балабиев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Алатау сити» жобасын Қазақстанның жаңа экономикалық бағытын айқындайтын ауқымды әрі тарихи маңызы бар стратегиялық қадам ретінде бағалайды. Оның пікірінше, бұл бастама – елдің тек бүгінгі емес, алдағы ондаған жылдарға арналған даму парадигмасын түбегейлі өзгертетін кешенді шешім. Депутат атап өткендей, адамзат өркениеті табиғи ресурстарды…

Толық оқу

ЕЛ ЕРТЕҢІНІҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КҮШІНЕ АЙНАЛАТЫН ТҮРКІСТАН ТҮЛЕКТЕРІ МЕКТЕП БІТІРДІ

Түркістан облысында 2025–2026 оқу жылы салтанатты түрде қорытындыланып, барлық білім беру ұйымдарында мектеп бітіруші түлектердің қатысуымен дәстүрлі «Соңғы қоңырау» іс-шаралары жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Биылғы мерекелік жиындар «Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» тақырыбында өтіп, жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Білім ордаларында арнайы тәрбие сағаттары өткізіліп, түлектерге қоғамдық тәртіпті…

Толық оқу

ЖҮГЕРІДЕН ТҮРЛІ ӨНІМ ӨНДІРЕДІ

Түркістан облысында агроөнеркәсіп кешенін жаңғырту мен индустриялық әртараптандыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Өңір экономикасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған ірі инвестициялық бастамалардың бірі – Шардара ауданындағы индустриалды аймақта салынып жатқан «Казкрахмал» крахмал-сірне зауыты. Аталған жоба ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің өзара байланысын нығайтып, қосылған құны жоғары өнім өндіруге мүмкіндік беретін стратегиялық маңызды өндіріс нысаны болып саналады….

Толық оқу

«ТҮРКІСТАН» ЕКІ ТОМДЫҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

Түркістанда қасиетті шаһар мен өңірдің тарихы, мәдениеті, рухани мұрасы және тарихи-танымдық құндылықтарын қамтитын «Түркістан» екі томдық энциклопедиясының тұсаукесері өтті. Облыс әкімі Түркістанның қазақ тарихындағы айрықша орнына тоқталып, жаңа басылымның тарихи жадымызды жаңғыртудағы маңызын атап өтті. Нұралхан Көшеров:  – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Түркістанды «Түбі бір түркі жұртының қасиетті шаңырағы» деп атаған болатын. Түркістанның тарихи…

Толық оқу

АПТА САЙЫН СЕНБІЛІК ӨТУДЕ

Жетісай ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде кең көлемді сенбілік өткізіліп, тазалық жұмыстарына 2 мыңға жуық адам атсалысты. Іс-шараға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, коммуналдық сала өкілдері, еріктілер, жастар және аудан тұрғындары белсенді қатысты. Сенбілік барысында аудан аумағындағы көшелер, саябақтар, скверлер, әлеуметтік нысандардың маңы мен қоғамдық кеңістіктер қоқыстан тазартылып, арық жүйелері мен жаяу жүргіншілер жолдары ретке…

Толық оқу

БІРЛЕСКЕН ЕҢБЕКТІҢ ТАЗА ЖЕМІСІ — ТАЗАЛЫҚ

Түркістан облысы Ордабасы ауданында қоршаған ортаның тазалығын сақтау, жасыл аймақтарды көбейту және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру бағытында кең ауқымды тазалық акциясы ұйымдастырылды. Бұл игі шара өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартуға, табиғатты аялау құндылықтарын дәріптеуге және халықтың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін нығайтуға бағытталды. Аталған іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында өткізілген…

Толық оқу

АЛЫП КИІЗ ҮЙДЕ АЛҚАЛЫ КЕҢЕС ӨТТІ

Түркістандағы жаңа этнотуристік кешен аумағындағы алып киіз үйде ауқымды кездесу өтті. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдің зиялы қауым өкілдерімен, кәсіпкерлермен, жастармен және белсенді азаматтармен жүздесті. Алқалы жиында облыс басшысы Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңір тұрғындарына жолдаған алғысын жеткізіп, облыстың өркендеуі жолында табанды…

Толық оқу

ТҮРКІСТАНДА ЖОҒАРҒЫ СОТ ТӨРАҒАЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ ӨТТІ

Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің Жоғарғы соттары төрағаларының II форумы өтті. Халықаралық маңызы зор жиынға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркияның жоғары сот органдарының басшылары қатысты. Форум барысында сот жүйесін цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын құқықтық салаға енгізу, инвестициялық ортаны жетілдіру және инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері кеңінен талқыланды. Іс-шара кезінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы…

Толық оқу

АУЫЛДА 10 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Түркістан облысының Шардара қаласында тағы 10 отбасы жаңа баспанаға қол жеткізіп, қуанышқа бөленді. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров тұрғындарға пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстап, қоныстой иелерін жаңа баспаналарымен құттықтады. Нұралхан Көшеров:  – Баршаңызды бүгінгі қуанышты сәтпен шын жүректен құттықтаймын! Баспана – адамға жайлы өмір сыйлайтын мекен ғана емес, әр отбасының бақыты мен берекесінің, ертеңге деген сенімінің…

Толық оқу

ӘКІМДІК СОТТА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Шымкент қаласының әкімдігі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін мемлекет бақылауына қайтару бойынша маңызды сот процесінде жеңіске жетті. Қалалық сот «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырып, бірінші сатыдағы шешімді күшінде сақтады. ​Не болды? ​Қаладағы коммуналдық инфрақұрылым нысандарын жекеменшікке беру кезінде заңбұзушылықтар анықталған еді. Атап айтқанда: ​Нысандарды жекешелендірудің құқықтық негіздері заң талаптарына сай келмеген. ​Тексеру…

Толық оқу