АЛЫП КИІЗ ҮЙДЕ АЛҚАЛЫ КЕҢЕС ӨТТІ
Түркістандағы жаңа этнотуристік кешен аумағындағы алып киіз үйде ауқымды кездесу өтті. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдің зиялы қауым өкілдерімен, кәсіпкерлермен, жастармен және белсенді азаматтармен жүздесті. Алқалы жиында облыс басшысы Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңір тұрғындарына жолдаған алғысын жеткізіп, облыстың өркендеуі жолында табанды…
