СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістан облысы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, құқық қорғау органдарының жетекшілері, облыстық басқармалардың басшылары, аудан және қала әкімдері қатысты. Комиссия отырысында табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, мемлекеттік қызметтердің ашықтығын қамтамасыз ету және осы бағытта атқарылып…
