«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫ ЕСЕБІНЕН АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бейнебайланыс режимінде «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің отырысына қатысты. Басқосуда «Түркістан облысының мектептеріне «Білім-Инновация» лицейлерінің тәжірибесін енгізу» қайырымдылық жобасы талқыланып, ұсыныс кеңес мүшелерінің қолдауына ие болды. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Бану Нұрғазиева мен қордың басқарма төрағасы Ләззат Чинкисбаева бастаманың өзектілігіне тоқталып, оның сапалы әрі нәтижелі іске…
