ТҮРКІСТАНДА ТАҒЫ БІР БАНК ҒИМАРАТЫ САЛЫНАДЫ
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «ForteBank» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Қуанышевпен және банктің Түркістан қаласындағы филиалының директоры Зәмзагүл Азатовамен кездесті. Басқосу барысында өңірдегі қаржылық инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ Түркістан қаласында банктің жаңа заманауи ғимаратын салу мәселелері талқыланды. Кездесуде облыс әкімі Нұралхан Көшеров Түркістанның бүгінде түркі әлемінің рухани әрі мәдени орталығы ғана емес, қарқынды дамып келе жатқан…
