КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ: ЕСКІ КІТАПХАНА ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШІРІЛДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүзеге асырылып жатқан «Кітап оқитын ұлт» жобасы қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыруға, жастардың білімге деген қызығушылығын арттыруға және ұлттың зияткерлік әлеуетін нығайтуға бағытталған маңызды бастамаға айналды. Президент атап өткендей, кітап оқуға құштар қоғам ғана бәсекеге қабілетті, ой-өрісі кең әрі саналы ұрпақ тәрбиелей алады. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстардың нәтижесінде елімізде кітапханаларды…

Толық оқу

САРЫАҒАШ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Түркістан облысының Сарыағаш қаласында жаңғырту жұмыстарынан өткен теміржол вокзалы тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді. Нысанның ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Елжас Отыншиев, облыстық мәслихат төрағасы Нұрлан Әбішов, теміржол саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты. Салтанатты жиында облыс әкімі «Сарыағаш» теміржол вокзалының өңір үшін маңыздылығына ерекше тоқталды. – Баршаңызды…

Толық оқу

Президент: «2025 жыл халқымыз үшін мерейлі жыл болды»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын жаңа жылмен құттықтады.   Қымбатты отандастар!   Біз бірнеше минуттан кейін Жаңа жылды қарсы аламыз. Төл тарихымыздың тағы бір белесіне қадам басамыз.   Жұртымыз Жаңа жылды ерекше көңіл-күймен күтеді. Әр адам осы сәтте арман-тілегін айтады. Ескі жылдың ең әсерлі сәттерін еске алады. Болашаққа жоспар құрып, зор үміт артады.   2025…

Толық оқу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Құрметті депутаттар!   Өткен аптада Парламенттің жаңа сессиясы ашылды.   Қызметтеріңізге табыс тілеймін! Алдыңғы сессия жемісті болды деп күмәнсіз айтуға болады. Елге қажетті көптеген заң қабылданды.   Халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер көтерілді, жан-жақты талқыланды. Депутаттар жазғы демалыс кезінде аймақтарға барып, азаматтармен кездесті. Енді жұртшылық айтқан мәселелерді саралап, Үкіметпен бірге пысықтап, осы сессия барысында ескеру…

Толық оқу

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов Бірлік ауылдық округінде тұрғындардың талап-тілектерін тыңдау үшін Келес ауданына арнайы барды. Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау барысында ауылдың әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына қатысты бірқатар ұсыныс айтылды. Кездесу барысында тұрғындар ауылды газдандыру, автомобиль жолдарын жөндеу, жаңа мектеп құрылысын салуға қаржы қарастыру, ауыл тұрғындарын жеңілдетілген несие бағдарламалары арқылы қолдау көрсету, сондай-ақ…

Толық оқу

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДӘЛІЗ ЖАҢАРУДА

Түркістан қаласы арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің 3 шақырымдық бөлігінде жолды жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл – өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды әрі нәтижелі жобалардың бірі. Жөндеу аясында ескі асфальт қабаты толықтай алынып, оның орнына сапасы жоғары, ұзақ мерзімге төзімді қиыршық тас-мастикалық асфальтбетон жабыны төселуде. Заманауи технологияларды қолдану жолдың пайдалану мерзімін…

Толық оқу

КЕҢЕСШІ КЕЗДЕСТІ

Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына келіп, Ордабасы және Сауран аудандарының  тұрғындарымен кездесті. Сапар аясында ол алдымен Темірлан ауылындағы Ордабасы аудандық «Өнер» мектебінің қызметімен танысты. Өз кезегінде Мәлік Отарбаев елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік реформалар туралы айтып, олардың басты мақсаты – мемлекеттілікті нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру және әділетті қоғам қалыптастыру екенін…

Толық оқу

ҚАЙТА ҚАЗБАУ ҮШІН

Түркістанда 3800 м ұзындықты құрайтын Ә.Жангелдин көшесіндегі жол құрылысы аяқталуға жақын. Екі қабат асфальт төселіп, жол жиегіне лотоктар орнатылды. Жаяу жүргіншілер жолы мен веложол салынып, көше жарықтандырылып жатыр. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков Ә.Жангелдин көшесіндегі жол құрылысын бақылады. Әкім қайта қазбау үшін бірінші кезекте кәріз жүйесінің құбырлары төселген соң, асфальт жабындысын аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, жол…

Толық оқу

196,5 МЛРД. ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономиканы әртараптандыру үшін шағын, орта және ірі бизнесті дамытатын инвесторлар тартуды тапсырған. Түркістан облысында бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Жыл басынан бергі қысқамерзімді экономикалық өсім 117,5%-ды құрап (2 орын), негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің оң өсімі байқалады. Төрт айда өңірге 196,5 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен…

Толық оқу

МЫҢНАН АСА АДАМҒА АЛАЯҚТЫҚТАН САҚТЫҚ ТҮСІНДІРІЛДІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру негізінде Түркістан облыстық Полиция департаменті мен прокуратурасының ұйымдастыруымен осымен екінші рет ауқымды форум өтті. Бұл жолы «Кибералаяқтық: алдын алу, қорғау, жауапкершілік» тақырыбы қамтылды. Мыңнан аса адамға алаяқтықтан сақтық шаралары түсіндірілді. Өңірде интернет алаяқтары 5,5 пайызға өскен. Алаяқтардың өзін көрмесе де, сөзіне сеніп, тапқан-таянғаны мен жиған-тергенінен қағылып…

Толық оқу