ТАҒЫ БІР ИНДУСТРИЯЛДЫ ПАРК САЛЫНАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданына сапары барысында қала аумағында бой көтеріп жатқан индустриялық парктің құрылыс алаңын аралап, жұмыс барысымен танысты. Сонымен қатар кәсіпкерлермен жүздесіп, жобаны тиімді жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Облыс әкімі өндірістік аймақтың өңір экономикасын жандандырудағы рөлін ерекше атап өтіп, жауапты мамандар мен инвесторларға құрылысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды жүктеді. Нұралхан…

Толық оқу

ШАРУАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕҢІЛДІКТЕРДІ АЛУ ЖОЛДАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Түркістанда өңірдегі ауыл шаруашылығы саласын дамыту, өндіріс көлемін ұлғайту және техникалық жарақтандыру мәселелері бойынша алқалы жиын өтті. Кездесуге Түркістан облысы ветеринария басқармасының басшысы Ербұлан Жәнібеков, «Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдингі» акцонерлік қоғамының басқарушы директоры Нияз Көшкімбаев, «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Жұмжаев арнайы қатысты.   Іс-шара барысында көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру, ауыл шаруашылығы техникасын лизингке…

Толық оқу

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС-ФОРУМ ӨҢІРЛІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТЕДІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми делегация Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарымен барды. Іссапар аясында Ташкент облысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өңіраралық экономикалық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған «Шекарасыз ынтымақтастық» атты халықаралық бизнес-форум ұйымдастырылуда. Ауқымды халықаралық алаң екі елдің кәсіпкерлік қауымдастығы, инвесторлары мен өндіріс өкілдерінің өзара байланысын нығайтып, сауда-экономикалық серіктестікті кеңейтуге мүмкіндік береді. Форум Түркістан…

Толық оқу

ТУРИЗМ ЖӘНЕ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ ІСІ

Түркістан облысының әкімі шетелдік инвесторларды қабылдады. Қытайдың Шанхай аймағынан келген делегация өкілдеріне өңірдің өндірістік және инвестициялық әлеуеті таныстырылды. Нұралхан Көшеров – Тарихи Түркістанға қош келдіңіздер. Биыл Шанхай қаласында Түркістан облысының туристік әлеуетін таныстыратын ақпараттық кеңсе ашуға қолдау білдіргендеріңіз үшін алғысымызды айтамыз. Бұл – өңір туризмі үшін маңызды қадам. Сіздермен өндірістің сан саласында әріптестік орнатуға дайынбыз….

Толық оқу

ТҮРКІСТАНДА МАЛ БИРЖАСЫ ҚҰРЫЛАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сайрам ауданына жұмыс сапары барысында Ақсукент ауыл округіне қарасты Ақсу елді мекенінде аустралиялық технология негізінде салынатын мал сату биржасының құрылысына арналған капсула салу рәсіміне қатысты. Өңір басшысы ауқымды жобаның облыс экономикасы үшін маңыздылығына тоқталып, оның ауыл шаруашылығы саласын дамытуға және инвестициялық әлеуетті арттыруға қосатын үлесін атап өтті. Нұралхан Көшеров: –…

Толық оқу

ТҮРКІСТАН — ӨНДІРІС ПЕН ИНВЕСТИЦИЯ ТОҒЫСҚАН ҚУАТТЫ ӨҢІР

Түркістан облыстық қоғамдық кеңесінің он төртінші кеңейтілген отырысы өтіп, онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, инвестициялық серпіні, өндірістік әлеуеті және алдағы стратегиялық жоспарлары кеңінен талқыланды. Маңызды жиынды облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Байділдә Жылқышиев жүргізді. Кеңейтілген басқосуға облыс әкімдігі өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, басқарма басшылары, сала мамандары мен қоғам белсенділері қатысты. Күн тәртібінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық…

Толық оқу

ЖАҢА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ СӘУЛЕТІ САЙ БОЛУЫ ТИІС

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен сәулеттік жобалар жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында өңірде жүзеге асырылуы көзделген бірқатар инвестициялық және әлеуметтік нысандардың сәулеттік тұжырымдамалары қаралып, олардың қала құрылысы талаптарына сәйкестігі, инженерлік шешімдері және өңірдің даму жоспарларымен үйлесімділігі жан-жақты сараланды. Кеңес барысында инвесторлар өз жобаларын таныстырып, олардың өңір экономикасын әртараптандыруға, туризм саласының әлеуетін арттыруға, жаңа…

Толық оқу

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік басқосуға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, мемлекеттік қызмет саласында табысты еңбек етіп жүрген мамандарды кәсіби мерекесімен құттықтады. Нұралхан Көшеров:  – Сіздерді 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын! Халыққа адал қызмет ету – абыройлы және маңызды міндет. Президентіміз…

Толық оқу

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТАҒЫ ДА РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША КӨШ БАСТАДЫ

Түркістан облысы 2026 жылдың алғашқы алты айын әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша жоғары нәтижемен қорытындылады. Қаңтар-маусым айларының қорытындысына сәйкес, қысқа мерзімді экономикалық өсім 126,3 пайызды құрап, өңір республика бойынша 1-орынға көтерілді. Ал жалпы өңірлік өнім көлемі бірінші тоқсанда 1 трлн 129,9 млрд теңгеге жетіп, өсім 109,6 пайызды көрсетті. Бұл көрсеткіштер Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен…

Толық оқу

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ТЕГІН БІЛІМ БЕРУ КЕПІЛДІГІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы ақпараттық-насихат тобының жұмысы Жетісайда жалғасын тапты. Н.Исмайлов атындағы №45 орта мектеп ұжымына конституциялық реформалардың мәні мен маңызы түсіндірілді. Жаңартылған Конституцияның 30-бабына сәйкес, мемлекет әрбір азаматтың тегін орта білім алуына кепілдік береді. Орта білім алу — барлық балаға міндетті болғандықтан мектеп білімі қолжетімді, себебі мемлекет тарапынан толық…

Толық оқу