ҚАЗЫҒҰРТТА 10 МЫҢ ТҰРҒЫН АКЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ
Қазығұрт ауданында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау және елді мекендердің тазалығын жақсарту мақсатында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында кең ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Бұл игі шара аудан көлемінде ерекше серпінмен өтіп, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды. Ауқымды экологиялық акцияға аудан тұрғындары белсенді түрде қатысып, жалпы саны 10 000 адам жұмылдырылды. Бірлік пен ұйымшылдықтың үлгісін…
