ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖӘНЕ ТУРИСТІК ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өңірде бой көтеретін нысандар мен жобалардың сәулеттік келбетін қарастыруға арналған кезекті мәжіліс өтті. Жиында Келес ауданы мен Түркістан қаласында жүзеге асырылуы көзделген бірқатар бастамалар сараланды. Басқосу барысында 7 сәулеттік жоба таныстырылып, жас сәулетшілер өздерінің ұсыныстары мен тың идеяларын ұсынды. Өңір басшысы әрбір жобаға қатысты нақты міндеттер жүктеді. Ол сәулеттік…

Толық оқу

ЕГІС КӨЛЕМІ КЕҢЕЙТІЛДІ

Түркістан облысында биыл 907 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Соңғы 3 жылда егіс көлемі 43,4 мың гектарға кеңейген. Мамандар мұны  тамшылатып суару және жаңбырлатып суару технологияларының енгізілуімен байланыстырады.   Өткен жылмен салыстырғанда Отырар ауданында егіс көлемі 20,8 мың гектарға, Арыс қаласында 9,2 мың гектарға, Сарыағаш ауданында 6,5 мың гектарға, Бәйдібек ауданында 4,8 мың гектарға,…

Толық оқу

ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма екінші сессиясы өтті. Маңызды жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, қаржылық тұрақтылығына және басқару құрылымына қатысты өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Сессия жұмысына облыс әкімі Нұралхан Көшеров, облыс әкімдігінің мүшелері, басқарма басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиынды облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов жүргізді. Күн тәртібіне енгізілген мәселелер облыстың…

Толық оқу

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРДІ ҚОРҒАЙДЫ

Конституциялық реформаларды түсіндіру тобы Мақтаарал ауданында болды. Түркістан облысы бойынша коалиция мүшелерін бастап барған облыстық мәслихат төрағасы филиалының төрағасы Нұралы Әбішов қазыналы қарттарға арналған жаңалықтарды жеткізді. Жаңартылған Конституцияда қарияларға «қалқан» болатын тетіктер қарастырылған. «Күміс экономика» принципі бойынша жұмыс орындағы құқық қорғалады. Яғни зейнет жасына таяған немесе зейнетке шыққан соң, жұмысын жалғастырғысы келетін адамдарды кемсітуден қорғау…

Толық оқу

БАРЛЫҚ МӘСЕЛЕГЕ МӘН БЕРДІ

Облыс әкімі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Түркістан қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді. Нұралхан Көшеров өткен жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысын баяндады. Аймақ басшысы биылғы алғашқы кездесуді киелі Түркістан жұртшылығымен өткізуді жөн көргенін айтты. Мемлекет басшысы 2026 жылдың қаңтарында Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтай отырысында ел дамуының негізгі бағыттарын айқындап, мемлекеттік…

Толық оқу

СТРАТЕГИЯЛЫҚ КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗІЛДІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа жұмыс сапары аясында өткізген кездесулері Қазақстанның экономикасы мен инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды. Мемлекет басшысы әлемдік деңгейдегі ірі корпорациялармен келіссөздер жүргізіп, авиация, денсаулық сақтау және агроөнеркәсіп салаларындағы стратегиялық жобаларды талқылады. Бұл бастамалар елдің өндірістік әлеуетін күшейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Boeing компаниясының…

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫМЕН АРҚАЛЫҚҚА БАРДЫ

Премьер-министр Олжас Бектенов Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Президенттің Ұлттық құрылтай мен Қауіпсіздік Кеңесінің IV отырысында айтылған автожол желісін дамыту, Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру, энергиямен жабдықтау жүйесін жаңғырту және жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша тапсырмаларының орындалу барысын тексерді.   Арқалық қаласында Премьер–министр өңірлер арасындағы көлік қатынасын жақсартуға бағытталған «Орталық – Батыс» күре жолын салу жөніндегі…

Толық оқу

ӘСКЕРДЕГІ ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП

Бас Прокурор Берік Асылов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың  әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау – барлық деңгейдегі қолбасшылық жұмысының басым бағыты болуы тиіс деген ұстанымына қолдау білдірді.   Әскери қызмет қауіпсіздік, абырой, тәртіп пен әділет қағидаттарына негізделуі қажет.   Осы қағидаларды басшылыққа ала отырып, Мемлекет басшысы Бас әскери прокуратураға Қарулы Күштермен, басқа да әскерлер мен әскери…

Толық оқу

ХАЛЫҚПЕН ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫС: НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ОРДАБАСЫЛЫҚ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІНЕ ҚҰЛАҚ АСТЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің өңір тұрғындарымен кездесулері мен жеке қабылдаулары жүйелі түрде жалғасып келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын басшылыққа алған кезекті кездесу Ордабасы ауданында өтіп, өңір басшысы аудан тұрғындарымен жүздесіп, олардың талап-тілектері мен ұсыныстарын тыңдады. Сонымен қатар жеке қабылдау өткізіп, тұрғындар көтерген мәселелерді жан-жақты талқылап, оларды шешудің нақты жолдарын…

Толық оқу

ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БАСТЫ НАЗАРДА

Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады. Ермек Сағымбаев ведомствоның жыл басынан бері атқарған жұмысының нәтижесі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде есеп берді, деп хабарлайды, Ақорданың баспасөз қызметі.   Мемлекет қауіпсіздігі   43 адам лаңкестік пен діни экстремизм бабы бойынша сотталған және 34 азамат тергеліп жатыр, терроризм мен экстремизмге қатысы бар 212 шетелдіктің Қазақстанға кіруіне жол…

Толық оқу