НЫСАНАЛЫ КӨРСЕТКІШТЕРГЕ ТОЛЫҚ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОСПАРЛАНҒАН

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласы тұрақты өсім көрсетіп келеді. 2026 жылдың алғашқы төрт айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 206 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 111,3 пайызға жетті. Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі де едәуір артты. Есепті кезеңде салаға 56,4 млрд теңге инвестиция тартылып, жоспар 1,8 есеге орындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі…

Толық оқу

МӘЖІЛІС ТӨРАҒАСЫ ПАРИЖДЕ ЯДРОЛЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӨНІНДЕГІ БҮКІЛӘЛЕМДІК САММИТТЕ СӨЗ СӨЙЛЕДІ

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған Қазақстан делегациясы Париж қаласында өткен Ядролық энергетика жөніндегі екінші халықаралық саммитке қатысты. Ауқымды жиынға 50-ден астам елдің мемлекет және үкімет басшылары, мемлекеттік органдар жетекшілері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, қаржы институттары, өнеркәсіп және сарапшылар қауымдастығы қатысты. Саммит барысында азаматтық ядролық энергетиканың қазіргі энергетикалық және климаттық сын-қатерлер жағдайындағы рөлі талқыланды….

Толық оқу

«БАЛАПАН» МЕН «ТОКАМАК» НЕ БОЛМАҚ?

Президент Абай облысында ядролық кластер құруды Үкіметке тапсырған. Осыған байланысты Премьер-министр Олжас Бектенов осы мақсаттағы тапсырмалардың жүзеге асырылу барысын тексерді. Бұрынғы Семей полигоны аумағында «Балапан» сынақ алаңы мен «Атом көлі», шахталық іске қосу қондырғылары жұмыс істеп тұр. Мұнда әлемдегі алғашқы «токамак»  (магнитті катушкалары бар тороидты камера)атты «Байкал-1» ядролық зерттеу реакторы да бар. Ұлттық ядролық орталықта…

Толық оқу

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮГЕРІНІ ТЕРЕҢ ӨҢДЕУГЕ АРНАЛҒАН ІРІ ӨНДІРІС ОРНЫ САЛЫНУДА

Түркістан облысы индустриялық даму мен агроөнеркәсіптік секторды әртараптандыру бағытында жаңа кезеңге қадам басты. Өңірде ауқымды инвестициялық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, өндірістік әлеует артып келеді. Шардара ауданындағы индустриалды аймақта бой көтеріп жатқан «Казкрахмал» крахмал-сірне зауыты – облыстың өнеркәсіптік және аграрлық мүмкіндіктерін тиімді ұштастыратын, экономиканың жаңа қозғаушы күшіне айналатын маңызды жобалардың бірі. Қазіргі уақытта шикізатты қабылдау, кептіру…

Толық оқу

КОЛЛЕДЖДЕРГЕ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Түркістан облысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім сапасын арттыру, материалдық-техникалық базасын жаңғырту және түлектерді мамандықтарына сәйкес жұмыспен қамту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Саладағы өзекті мәселелер облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде кеңінен қаралды. Қазіргі таңда өңірде 50 колледж тұрақты жұмыс істейді. Оның ішінде 28-і мемлекеттік, 22-сі жекеменшік білім беру ұйымдары….

Толық оқу

АРЫСТА ІРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Түркістан облысының Арыс қаласында әлемдік теміржол машина жасау саласындағы жетекші компаниялардың бірі – француздық Alstom компаниясының электровоздарға арналған заманауи сервистік депосының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Ауқымды инвестициялық жоба өңірдің өндірістік және логистикалық әлеуетін арттырып қана қоймай, Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған маңызды бастамалардың біріне айналмақ. Осыған байланысты Арыс қаласында халықаралық серіктестер, салалық мекемелер және бұқаралық ақпарат…

Толық оқу

АШЫҒЫН АЙТТЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров азаматтарды жеке қабылдап, өңір тұрғындарының талап-тілектеріне құлақ түрді. Кездесу барысында халық жер қатынастары, баспана сапасы және кәсіп бастауға қатысты бірқатар өзекті мәселелерді ашық жеткізді. Әсіресе, Түркістан қаласындағы Жаңа қала аумағында бой көтерген 20 қабатты тұрғын үйдің сапасына байланысты шағымдар айтылды. Тұрғындар құрылыс жұмыстарының сапасын тексеріп, кемшіліктерді жедел жоюды талап етті….

Толық оқу

ПОЛИЦЕЙ ҚЫЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Түркістан қаласында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ерекше мерекелік іс-шара өтті. Қоғамлық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген полицей қыздарға құрмет көрсетілді. Салтанатты жиынға Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы қатысты. Нұралы Әбішов полиция аруларының қызметтегі жауапкершілігі мен табандылығын атап өтті. Оларға өз атынан және облыс әкімінің Алғыс хатын табыстады.   Нұралы Әбішов:  — Аяулы асыл жандар!…

Толық оқу

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ АЛМАТЫНЫҢ ЖАҢА ӘКІМІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Дархан Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды. Оны шаһар активіне Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай таныстырды. Дархан Сатыбалды бұл қызметке Президент әкімшілігінен келді. Ол бұған дейін Шымкент қаласы мен Түркістан облысын басқарған, әкімдік қызметте жиған тәжірибесі бар, білікті кадр.

Толық оқу

ТҮРКІСТАН ТАЗА

Қала тазалығын «Түркістан жарық-тазалық» ЖШС қамтамасыз етуде. Мекемеде 505 қызметкер еңбеккер бар.  Әрбір жұмысшы өзіне бекітілген аумақта күнделікті көшелер мен аулаларды тазалап, қоқыс жинау жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, әр учаскеге жауапты бригадирлер белгіленген.   Жалпы қалада 875 көше бар. Оның ішінде 30 көше күн сайын, 120 көше аптасына үш рет, ал қалған 725 көше аптасына…

Толық оқу