КЕЗЕКТЕН ТЫС ШЕШІМІН ТАПТЫ

Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он алтыншы сессиясында бюджетке қатысты бірқатар мәселелер шешімін тапты, деп хабарлайды, мәслихаттың баспасөз қызметі. Сессия жұмысының алдында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Омарбековтың баяндамасы тыңдалды. Бұған дейін облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбіштің өкімімен уақытша депутаттық комиссия құрылып, уран өндіретін мекемелердің жұмысымен танысқан. Сонымен қатар, 2023 жылы сессия…

Толық оқу

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОРЫМЕН БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАРДЫҢ АЯСЫ КЕҢЕЙЕДІ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Ләззат Чинкисбаевамен кездесті. Басқосуда өңірде іске асырылып жатқан әлеуметтік жобалардың нәтижелері қорытындыланып, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларындағы ынтымақтастықтың алдағы бағыттары талқыланды. Облыс басшысы қор тарапынан Түркістан өңіріне көрсетіліп отырған тұрақты қолдау үшін ризашылығын білдіріп, өзара әріптестіктің басты мақсаты өңірдің адами капиталын…

Толық оқу

КӨКТЕМГІ СЕНБІЛІК БАСТАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына Түркістан облысының басшылығы қолдау білдіріп, көктемгі сенбілік өткізді. Экологиялық мәдениетті арттыру, жасыл белдеу аясын кеңейту үшін ағаш отырғызылды. Жас ұрпақ экологиялық жауапкершіліктің негізгі бастамашысы саналады. Сол себепті өңірде өтіп жатқан акцияға жергілікті тұрғындар, мектеп оқушылары, жастар да жұмылдырылуда.   Бүгінгі науқанға облыс әкімі бастаған топ белсене…

Толық оқу

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫТАЙДЫҢ ЖЕТЕКШІ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың жетекші жоғары технологиялық компанияларының басшыларымен «дөңгелек үстел» форматында кездесу өткізді. Президент Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік әрі жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңіне қадам басқанын атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағытта сапалық жаңа деңгейге көтерілгенін айтты.   Қасым-Жомарт Тоқаев:  « — Екіжақты байланыстарымыз бұрын-соңды болмаған…

Толық оқу

35 ОТБАСЫҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 35 отбасы баспаналы болды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа қоныс иелеріне пәтер кілтін табыстады. Шаһар басшысы тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті. Пайдалануға берілген пәтерлер бірінші кезекте әлеуметтік осал топтарға бағытталған. Атап айтқанда, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес…

Толық оқу

ТҮРКІСТАНДА ЗАМАНАУИ АКВАПАРК АШЫЛАДЫ

Түркістан облысында туризм индустриясын дамытуға бағытталған ауқымды жобалардың бірі – жаңа үлгідегі заманауи аквапарк және ойын-сауық кешенінің құрылысы ресми түрде басталды. Бұл бастама өңірдің туристік тартымдылығын күшейтіп, ішкі және халықаралық саяхатшылар үшін тартымды демалыс орталығын қалыптастыруды көздейді. Жоба облыс әкімі Нұралхан Көшеров мен шетелдік инвесторлар арасында өткен келіссөздер нәтижесінде жүзеге асырылып отыр. Жоспар бойынша жаңа…

Толық оқу

СУ ҮНЕМДЕУ УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Биыл облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 890 мың гектарға, яғни өткен жылмен салыстырғанда 17 мың гектарға артық егілді. Ал, суармалы алқап 552,0 мың гектарға жетті. Бұл туралы өңірдегі вегетациялық кезеңнің атқарылу барысы мен ағын су тапшылығын шешу бойынша атқарылған шаралар байланысты өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары мәлімдеді. Ол егістікке қажетті ағын су көлемі шаруалардың сұранысына сәйкес…

Толық оқу

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «МЕКТЕПТЕР САПАЛЫ БІЛІММЕН ҚАТАР ТАҒЫЛЫМДЫ ТӘРБИЕНІҢ ОШАҒЫ БОЛУ КЕРЕК»

Сапалы білім – ұлт сапасының негізі. Соңғы жылдары білімге бөлінген қаржының үш есе өсуі, 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1200 мектептің іске қосылуы, мұғалімдердің жалақысының екі есеге артуы, педагогикалық мамандықтарға 13 мыңнан астам грант бөлінуі және қазақстандық оқушылардың халықаралық олимпиадаларда мыңға жуық медаль жеңіп алуы – білім саласындағы өзгерістердің ауқымын көрсететін нақты деректер. Алайда Мемлекет…

Толық оқу

ТҮРКІСТАНДЫ ТАҒЫ 2 МЫҢ АДАМ ТАЗАЛАДЫ

Түркістан қаласында Taza Qazaqstan республикалық бағдарламасы аясында «Жасыл болашақ» іс-шаралар жоспарына сәйкес жалпықалалық сенбілік жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ауқымды экологиялық акцияның басты мақсаты – қаланың санитарлық жағдайын жақсарту, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру. Сенбілікке қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы арнайы қатысып, шаһар аумағын көркейту жұмыстарына белсене атсалысты. Сонымен қатар, тазалық шарасына қала тұрғындары,…

Толық оқу